Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берген шенеуніктер жазаланды деп мәлімдеді сәрсенбіде Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов парламент палатарының бірлескен отырысында.
ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2014 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері талқыланды.
"Біз үкіметтің арнайы отырысын өткіздік, кімнің кіналі екенін қарастырдық, олар белгілі болды, жазаланды, алайда бұл жүйелік проблемаларды шеше алмайды",- деді бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берген бағдарламалар әкімшілеріне шаралар қабылдау туралы депутаттардың сауалдарына жауап берген Мәсімов.