17.04.2018, 16:32

Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастыққа қатысты, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы ахуалды талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Еске салайық, осыдан бірер күні бұрын Ресейдегі басты арналардың бірі саналатын «Россия 1» телеарнасындағы «Воскресный вечер» бағдарламасында тележүргізуші Владимир Соловьев пен орыс сяасаткерлері Сирия мәселесіне келгенде Қазақстанның Ресейді қолдамай отқанын айтып, біздің елді «майданмен» қорқытқан еді. Тіпті, Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің астынан саясат іздеп, бүтін бір халықты тікелей эфирде мазақ етті.