$ 443.85  474.3  4.8

А.Кудрин: Ресей толыққанды дағдарыс кезеңінде

РФ-ның бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин Ресей толыққанды дағдарыс деңгейінде деп есептейді.

«Екінші және үшінші тоқсанда төмендеу болады, ал төртінші тоқсанда азаяды. Ресей толыққанды дағдарыс кезеңінде»,- деді ол Петербург экономикалық форумының аясында өткен Сбербанктың (MOEX: SBER) іскерлік таңғы асында.

Осы арада А.Кудрин дағдарыстың » бірнеше жағымсыз ерекшеліктері» бар екендігін атап өтті. Қазіргі шынайы жалақы көлемі 10%-ға азайды, шынайы табыс 4%-дан астам төмендеді, «жыл соңында бұл көрсеткіш өсуі мүмкін».

Кәсіпорындардың біршамасы қазір өзінің қызметкерлерін демалысқа немесе жартылай жұмыс күніне жіберді. «Жазды өткеру керек, күзде жеңіл болады» деп есептеп, үстемелерді азайтып жатыр. «Бірақ күзде жеңіл болмайды», — деп мәлімдеді Алексей Кудрин кәсіпорындарға қызметкерлерін босатуға тура келетіндігін атап өте отырып.

18 маусымда Санкт-Петербургте халықаралық экономикалық форум ашылды.  Жиынға 450 компанияның 843 шетелдік бизнес өкілі қатысады. Шара аясында халықаралық экономика проблемалары, Ресейге шетелдік инвестиция тарту, батыстық санкциялар аясында жаңа өсу көздерін іздеу, антидағдарыстық шаралар және ақша-саяси несие сұрақтары талқыланбақ. Бүгін күннің басты оқиғасы ретінде В.Путиннің мәлімдеме жасайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары