$ 448.15  483.46  4.86

Нұртай Әбіқаев «Ислам мемлекеті» деп атау дұрыс еместігін айтты

Астанада өтіп жатқан Орталық Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясында  сөз сөйлеген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Нұртай Әбіқаев өздерін «Ислам мемлекеті» деп атайтын террористік ұйымның атауын журналистер мен саясатшылардың дұрыс қолданбай жүргенін хабарлады.

- «Мемлекет» терминін пайдалану ерікті немесе еріксіз түрде бұл ұйымға болмашы болса да легитимдік береді. Біздің ойымызша бұл дұрыс емес. Біз арнаулы қызметте DAESH аббревиатурасын пайдаланамыз. Олар өздерін қалай атаса да, «мемлекет» сөзінен қашып, осы аббревиатурамен атаған дұрыс.  Бүгінде  DAESH солтүстік Африкадан Қытайға дейін, оның ішінде Орталық Азияны қосып, халифат құруды  жоспарлайды. Бұл бізді алаңдатады, - деді ҰҚК төрағасы.

ҰҚК төрағасы келтірген мәлімет бойынша, Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығысқа 150- ден астам қазақстандық қатысып жүр. Олармен бірге содырлардың әйелдері мен жесірлері, 200-ден астам әйел мен балалар бар.

Бүгін ашылып, ертең де жалғасатын Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясына 24  елдің делегаттары қатысып жатыр. Олардың арасында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕО, ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері де бар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҰҚК