$ 498.34  519.72  4.85

Путин Обамамен Украинадағы жағдайды талқылады

Ақ үйдің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин 25 маусымда АҚШ президенті Барак Обамаға телефон соғып, Украина шығысындағы жағдай мен "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күрес жайын талқылаған, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Ақ үй әкімшілігінің мәліметінше, Обама Путинмен әңгімесінде Мәскеуден Минск келісімі аясында өзіне алған міндеттемелерін орындауын күтіп отыр. Мәскеу ол келісім бойынша Украина территориясынан Ресей әскерін, қару-жарақ пен әскери техникаларын шығаруға міндеттелген.

Президенттер бұған қоса әңгімеде Сириядағы жағдайды талқылап, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзде әлемдік алты державаның бірлігін қолдау қажет деп уағдаласқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары