19.07.2015, 18:00

Еуроодақ Грекияға несие берді

7kun.kz

Еуроодақ Грекияға 7,2 млрд еуро көлеміндегі несиенің берілуі туралы шешімді ресми түрде бекітті. Бұл туралы  Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап 7kun.kz хабарлайды.

«ЕО-ның 28 елі қолдау көрсеткен бұл келісім Грекияға шұғыл дефолттан құтылуға мүмкіндік береді. Қаражат дүйсенбі күні аударылады», — деп мәлімдеді Еурокомиссияның вице-президенті Валдис Домбровскис.

Бұған дейін еуроаймақ мемлекеттерінің қаржы министрлері Афинаға 7 млрд еуро көлеміндегі бридж-несиені бөлу жөніндегі шешімді мақұлдаған болатын.

Бридж-несие Афинаға дүйсенбі күні Еуропа орталық банкінің алдындағы 3,5 млрд еуро қарызын өтеуге, сондай-ақ жәрдемнің үшінші бағдарламасы талқылану кезеңінде елдің бір қалыпты экономикалық жағдайда болуына мүмкіндік береді.