$ 448.89  477.93  4.76

Лаңкестер газ құбырын жарып жіберді

Түркия жерінде лаңкестердің бүлігі басылмай тұр. Таяуда елдің Агра провинциясындағы магистральді газ құбырында жойқын жарылыс болды. Түркия билігі бұл лаңкестік әрекетті Күрдістан жұмысшы партиясының содырлары жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Осы ретте Түркия энергетика және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз былай деді: «Иран-Түркия газ құбырында бүлік салдарынан жойқын жарылыс болды. Артынша ол өртке ұласты. Қазір тілсіз жау ауыздықталған». Жалпы түрік жеріндегі жағдай өткен аптада Суруч қаласында болған лаңкестік жарылыс пен полицейлер қазасынан кейін ушығып кетті.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары