$ 494.87  520.65  4.91

Бауыржан Әбдішов Серік Ахметовке жала жапқанын мойындады

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішов Серік Ахметовке жала жапқанын мойындады, деп хабарлайды КТК арнасы.

«Айғақты жоққа шығаруды өтінемін, мен бұл айғақты қатты қысым көрсеткендіктен, ауыр баппен қорқытқаннан кейін мойындадым», - деді Б.Әбдішев.

Сондықтан бүгін ол судьядан тергеу кезінде берген жауаптарының күшін жоюды сұрады. Бауыржан Әбдішевтің айтуынша, тергеушілер оны шақырып алып экс-премьер Серік Ахметовке қарсы бірнеше эпизод бойынша жала жабуды талап еткен. Әйтпесе, өзіңнің жағдайың мүшкіл болады депті.

Серік Ахметов те өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істі мүлдем тоқтатуды сұрап отыр. Өйткені, тағылған айыптарда қылмыс құрамы жоқ деп есептейді. Сонымен қатар, экс-премьер мемлекетке келтірілген шығын көлемін 1 миллиард теңгеден азайтуды өтінді. Осы қыруар қаржының тең жартысын, яғни 430 миллион теңгені экс-премьердің ағасы - «Сталь-Цинк» компаниясының басшысы Берік Ахметов бюджетке қайтарып берген болатын. Сондықтан адвокаттар осы жеке мекемеге қатысты эпизодты доғаруды талап етті. Осылайша судья Исламхан Есенбаевқа, атышулы іс бойынша өтіп жатқан 21 күдіктінің 50 қорғаушысы өтінішті үйіп тастады. Күдіктілердің бірсыпырасы  айыпты алып тастауды, ал Қарағандының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев изолятордан тағы үйқамаққа ауыстырды сұраған. Бірақ судья мұның бірде бірін қанағаттандырған жоқ.

Ендігі басты сот талқылауы 10 тамызға тағайындалды.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары