$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай әкімі қызметінен кетпейді

Қостанай қаласы әкімінің қос бірдей орынбасарының қамауға алынғаны туралы ақпарат бүгінде тұтас елге аян болып отыр. М.Қалиев пен Ф.Аракелянға жемқорлық қылмысқа барды деген айып тағылысымен, қала әкімі Ахметбек Ахметжановтың орнын босататыны туралы бейресми ақпараттар тараған.

Алайда, қала басшысының баспасөз хатшысы Самат Жанділдин мұндай мәліметті жоққа шығаратын жауап айтты, деп хабарлайды kostanaytany.kz  

Қазіргі уақытта екі орынбасардың үстінен тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал әкім өзінің атқарымдық міндетін орындауды жалғастыруда. Жоспарлы тәртіпте жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда 14-15 тамызда тойланатын Қала күні мерекесіне қызу дайындық жүргізілу үстінде. Отставкаға кету туралы мәселе әлі күн тәртібіне қойылған жоқ,- дейді баспасөз  хатшысы.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары