Саясат 08.08.2015 сағат 05:10

Асқар Мырзахметов − «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Мырзахметовті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарланды. 

Бұған дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметін Бауыржан Байбек атқарған болатын.

Айта кетейік, Бауыржан Байбек осы қызметте болған 2,5 жыл ішінде қыруар жұмыс атқарды.

Осы уақыт аралығында партияның ребрендингі іске асырылды. Партияның миссиясын, құндылықтарын, ұлттық бағытын айқындаған Саяси Доктрина қабылданды.

Қоғамдық қабылдаулар жүйесінің жұмысы жанданды. Жемқорлыққа қарсы жұмыс қарқын алып, арнайы үлкен бағдарлама қабылданды.

Партия мейлінше ашық бола түсті. Өзінің қаржылық есебін жариялауды дағдыға айналдырды. Партиялық құжаттарды қоғамдық талқылауға салу бүгінде үлкен үрдіс.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық спортқа, айтысқа қамқорлық өсіп, елдің рухын шыңдауға, ұлттық сананы нығайтуға бағытталған қызмет жолға қойылды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар