$ 494.87  520.65  4.91

Басшылар өз "командасын" алып кетуіне болады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары аясында жүзеге асырылып жатқан реформалық жұмыстар жайы талқыланды. Жиында сөз алған Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаментінің басшысы Әли Көмекбаев алдағы жылдан бастап қолданысқа енетін заң жобасының жаңашылдықтарымен бөлісті.

Осы күндері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерінің атсалысуымен әзірленіп жатқан «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасында көрініс беруі қажет деп талқыланып жатқан тұстарын атап өтті.

- «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасына сәйкес, келер жылдан бастап басшы байқаудан тыс өзіне көмекші, кеңесші немесе хатшы лауазымына қызметкерлерді өзі таңдап, тағайындай алатын болады, - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беру барысында.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары