$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекеттік қызметте кәсібилік аса қажет

Мемлекеттік қызметшінің моралдік бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінуінің астарында оның іскерлігі ғана емес, оның айнала-сындағыларға құрметі мен ізеті де сараланады. Осы бағытта жүзеге асыр-ылатын жұмыстардың ауыр жүгі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне түсетін болады. Бұл туралы аталмыш агенттіктің ОҚО бойынша департаментінің басшысы М.Ахметов 2015 жылдың 6 айының қорытынды есебі барысында мәлім етті.

Оның айтуынша, агенттік «бірыңғай рекрутингтік орталыққа» айналады. Содан соң барлық мемлекеттік органдар үшін қызметкерлерді Агенттік өзі іріктеп беріп отырады. Жалпы Агенттіктің ролін барынша арттыру көзделуде.

- Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Осы құбылыспен күресу туралы 13 қадамда: «Жем-қорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру» қажеттігі көрсетілген. Бұл ұйым жемқорлыққа жол беретін командалық ауыс-түйісті болдырмауға және қызметтік іс-әрекет жетістіктерінің «жадын» сақтап қалу үшін қажет деп ойлаймын, - деп атап өтті М.Ахметов.

Агенттіктің ОҚО бойынша департаменті басшысының мәлімдеуінше,  3-қадамдағы: «….мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу рәсімін орталықтандыру. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізуге» байланысты айталық, мемлекеттік қызметте бүгінгі таңда кәсібилік аса қажет болып отыр. Себебі, мемлекеттік аппаратта қабылданатын шешімдер салиқалылықты, жауапкершілікті, тәжірибелілікті қажет етеді.

- Меритократия қағидаттарын қорғауда және аталмыш салада асыра пайдаланушылықты болдырмауда жұмысты жүйелендіру аса маңызды. Меритократия барлық мемлекеттік секторларға негізгі қағидат болуы тиіс деп есептеймін, - деді департаменті басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Келесі жаңалық
Сирияда соғыс тоқтады