$ 480.55  533.75  5.36

Сирияда соғыс тоқтады

Сирия исламшылары альянсы мен үкіметтік әскер үш қалада соғыс қимылдарын 48 сағат тоқтата тұруға келісті, осы уақытта дәрігерлер мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.

Бұл туралы Би-би-си хабарлады, деп жазады inform.kz.

Әңгіме Ливанмен шекарадағы Забадани стратегиялық маңызды пункті жайында.

Сирия Адам құқықтары жөніндегі обсерватория құқық қорғаушылары нақтылағандай, көтерілісшілер тарапынан "аль-Нусра майданына" жақын "Ахрар аль-Шам" ұйымы уағдаласты, ал Иран дипломаттары тарапынан Башар Асад болды.

Келіссөзге сондай-ақ, Ливандағы Башар Асад қолдайтын "Хезболла" исламдық ұйымы қатысты.

Бір уақытта көтерілісшілермен және «Ислам мемлекеті» жихадшыларымен айқасып жатқан Сирия әскері шілде басында резервшілердің қарулы күштеріне жұмылдыру және тарту бойынша жаңа соғыс науқанын құрды.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары