$ 448.89  477.93  4.76

Кәрім Мәсімовпен кешкі ас ішкіңіз келеді ме?

«Алтын жүрек-2015″ қайырымдылық сыйлығының салтанатты тапсыруы өтеді. Соның қарсаңында қайырымдылық аукционы өтпек.

Today.kz  хабарлауынша «Алтын жүрек» тарихындағы тоғыз жылдың ішінде, тоғыз лоттарды пайдаланбақ.

«Негізгілерінің қатарында «Қазақстан ауры-2014» байқауының жеңімпазы Регина Вандышевамен кешкі ас ішу бар. Бұған Регина келісімін берді. Сондай-ақ келісімін берген атақты саясаткерде бар көрінеді. Және ол болжам бойынша қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов. Бұл лоттар басқаларына қарағанда қымбатырақ болмақ – үш жүз мың теңгеден басталады», — дейді «Бауыржан» қайырымдылық қорының баспасөз-хатшысы Айнұр Сәлімбаева.

Сәлімбаеваның айтуынша, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров аукционға өзінің қолтаңбасы бар жеңіл жейдесін берген, сондай-ақ, «Милан» футбол клубы ойыншыларың қолтаңбалары бар доп, ұялы байланыс операторларының VIP-нөмірлері аукционға қойылған.

Ұйымдастырушылар жиналған қаржыға балаларға арналған ойын алаңдарын салмақ. Ол бірінші болып, Қызылорда қаласында салынатын болып бекітілген.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары