$ 498.34  519.72  4.85

Есімов ЭКСПО-ға командасымен келді

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің кеңесшісі Сергей Куянов «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына ауысу үшін Алматыдағы жұмысын тастап, Астанаға көшуге дайындалып жатыр.

Куянов соңғы екі жылда «Алматы» телеарнасының басшылығымен қатар Есімовтің кеңесшісі қызметін атқарған болатын. Әзірше Сергей Куяновтың қандай қызметке баратыны және «Алматы» телеарнасының бас директорының кім болатыны да белгісіз.

«Мен өзімнің отыратын қызметім жайлы ештеңе білмеймін, мен ертең Астанаға көшемін. Яғни, өзім жұмыс істеп, өмір сүрген Астанаға қайтамын. Бүгін мен барлық істі тапсырдым... Ахметжан Смағұлұлымен телефон арқылы сөйлестім, ол «кел» деді. Қандай орында отыратынымды білмеймін, сонда көре жатармыз (...). Бұл жаңа әкімге (Байбек - Авт.) байланысты емес, мен онымен сөйлестім, ол өте сауатты адам. «ЭКСПО» қызықты әрі бірегей жоба. Меніңше, ішкі PR-ға емес, сыртқысына дайындалуым керек, яғни халықаралық жағына. Өзімді осы жерден көремін», - деді Куянов Tengrinews.kz тілшісіне беген сұхбатында.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары