Елбасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Тяньцзинь қаласындағы химия зауытында болған жарылысқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.
Жеделхатта химия зауытындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, жеке өзінің және барша Қазақстан халқының атынан ҚХР Төрағасына, сондай-ақ қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.
Соңында Қазақстан Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.