$ 446.49  475.38  4.79

Саакашвили азаматтығынан айырылуы мүмкін

Грузин билігі елдің бұрынғы президенті, ал қазір Украинаның Одесса облысының губернаторы болып жүрген Михаил Саакашвилиді азаматтықтан айыру ниетінде отыр.

Бұл туралы «Комсомольская правда» хабарлады деп жазады ras.kz.

Әзірге Тбилиси Киевтен саясаткерге украин азаматығының берілгенін ресми түрде растауды күтіп отыр.

«Біз Киевтен экс-президент Михаил Саакашвилиге украин азаматтығының берілгенін ресми растайтын хабар күтеміз. Бұл расталған жағдайда біз оны грузин азаматтығынан айыру процесін бастаймыз», – деді әділет министрі Тея Цулукиани.

Ведомства басшысы Грузияның заңдарына сәйкес, Грузия азаматтарының екі ел азаматтығын ала алмайтынын атап өтті.

Еске сала кетейік, Саакашвили биылғы жылдың мамыр айында Одесса облысының губернаторы болып тағайындалған еді. Грузияның бұрынғы президенті осының алдында украин азаматтығын алған болатын.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары