$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте қаланың жаңа әкімі тағайындалды

Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды деп деп хабарлайды Skifnews.kz

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласы әкімі лауазымына Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымовтың кандидатурасын ұсынды.

Бұл ұсынысты мәслихат депутаттары  бір ауыздан қолдап, Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов Шымкент шаһарына жаңа әкім болып тағайындалды.

Әбдірахымов мырзаның жаңа деген аты болмаса, жергілікті халық бұл есіммен жақсы таныс. Себебі, ол 1975 жылы 23 қаңтарда сол кездегі Шымкент облысы Киров ауылында туған. 

996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы Неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебін бітірген.

1996-1997 жылдары - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті.

1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің нормативтік-құықтық жұмыстар департаментінің бас маманы, мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы.

2000-2001 жылдары -   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі.

2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.

2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

2005-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2008 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

2008-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.

2012-2013 жылдары - Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы.

2013 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2006), 3 медалі бар. 

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары