Саясат 19.08.2015 сағат 08:55

Прокурор Серік Ахметовтің мемлекет алдындағы айыбын айтты

Бүгін бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметов пен Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішевке қатысты жүріп жатқан сот барысын мемлекеттік айыптаушы баяндады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Атышулы қылмыстық іс 338 томнан тұрады, оған қатысты 50-ге тарта сараптамалар жүргізілген. Қылмыстың дәлелдері жіптей тізілген айыптау актісінің өзі 1300 парақ. Қорытындысында Серік Ахметовке «мемлекет қазынасына 2,5 млрд теңге шығын келтірді және қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланды» деген айыптар тағылуда.

"Ахметов сарқынды суды тазалау жүйесі құрылысы барысында бюджет қаражатын иемдену, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу, өзіне және баласына тиесілі кәсіпорындардың мүддесі үшін қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану деректері бойынша айыпталады. Іс материалдары бойынша оның қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке келтірілген шығынның жалпы көлемі 2,5 млрд теңгені құрайды. Мысалға, Ахметов 2011 жылы Қарағанды облысының әкімі бола тұрып, бас мердігерді «Центрстрой-Комплект НС» ЖШС-мен 2,4 млрд теңгеге келісімшарт жасауға мәжбүр еткен. Осы кәсіпорын, Ахметовтің келісімі арқылы жобамен көзделмеген неғұрлым арзан құрылғыны жобалық бағасын төмендетпестен заңсыз сатып алған. Осы дерек бойынша Ахметов 600 млн теңге пара алғаны үшін да айыпталады. Сонымен бірге Ахметов мемлекеттік сатып алуды өткізбестен, өзінің баласына тиесілі «Сталь-Цинк» ЖШС мен келісімшарттар жасау дерегі бойынша айыпталады. Шарттың сметасы 969 млн теңгені, ал мемлекетке келтірілген шығын 200 млн астам теңгені құрайды. Бұдан басқа, Ахметов өзіне тиесілі «Топар жылыжайлары» ЖШС арқылы мемлекетке 1,1 млрд теңгеге аса шығын келтіргені үшін айыпталады. Бұл қаражат жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған болатын", - дейді Қарағанды облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Рауан Тобықов.

Ал Бауыржан Әбдішев қызметтік лауазымын теріс пайдаланудың 3 дерегі бойынша айыпталып отыр.  Сондай-ақ өзге де 19 сотталушылар да жалған құжат жасап, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып, бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін жауапқа тартылуда.

Рауан Тобықов, Қарағанды облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры:

- Әбдішевке келетін болсақ, ол қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудың 3 дерегі бойынша айыпталып отыр. Яғни ол Ахметовтің баласына тиесілі кәсіпорындардың мүддесі үшін мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізбестен келісімшарттарды заңсыз жасау, оған 2 жер учаскесін заңсыз беру, өзіне тиесілі «ЕвроСтандартКараганда» ЖШС мүддесіне болыса отырып, оған мемлекеттік сатып алуды өткізбестен саябақтарды көркейту бойынша жұмыстарды жасау барысында мердігерлерге қысым көрсетіп, жол төсеніштерін сатып алуға мәжбүрлегені үшін айыпталады.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар