$ 446.49  475.38  4.79

Н.Назарбаев: Қиыншылық туған кезде халыққа турасын айтамын деген едім

Ақордада өтіп жатқан кеңес барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел басына қиындық туған кезде халыққа тура айтуға уәде бергенін еске алып, бүгінде елімізде қалыптасқан жағдайды түсіндірмек екенін айтты.

«Қиыншылық жағдайлар туған кезде халыққа турасын айтамын деген болатынмын. Сондықтан тиісті адамдардың басын қосып, бүгінгі ахуалды халыққа түсіндірейін деп отырмын. Соңғы жылы әлемдік экономикадағы ахуал едәуір төмендеді. Экономиканың бүкіл дүниеде нашарлағаны бәрімізге көрініп отыр. Дағдарыс барлық бағытта, яғни шикізат тауарлары болсын, валюта-қаржы нарығы болсын дамып келеді. Бұл дамушы және дамыған мемлекеттердің бәрінде бар жағдай», - дейді Н.Назарбаев.


Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде шикізаттың бағасы әлемде төмендеді, сондықтан ел бюджетіне түсетін қаржының көлемі едәуір қысқарды. Бұл ретте, Елбасы біздің мұндай жағдайлардың талайынан өткенімізді еске салып өтті.

«Совет одағы құлаған кездегі жылына 2 мың процент инфляциядан өткеніміз естеріңізде бар. Барлық зауыт, фабриканың тоқтап, 2 млн халық жұмыссыз қалып, зейнетақы, жалақы төлей алмағанбыз. Бұл өте қиын-қыстау заман болатын. Мемлекеттің ешқандай қоры болмаған кез. Одан кейін өткен ғасырдың аяғындағы Шығыс Азиядағы ұлы дағдарысқа түстік. Ресейдің рублі 6-дан 24-ке дейін көтеріліп, төрт есе құлаған кезде Қазақстанның жағдайы мүшкіл болатын. Одан кейінгі 2007-2009 жылдардағы Америкадан басталған дағдарыстың ең қиын кезеңінен өтіп, елді алып шықтық», - дейді Н.Назарбаев.

«Мінеки, қанша бағдарлама жасасақ та, өмір әртүрлі қиыншылықтарды алдымызға әкеледі. Қазір де сондай қиыншылыққа тап болып отырмыз. Бұл дүниежүзілік дағдарыстан ешкім де сырт қала алмайды. Қазақстанның әлемдегі бүкіл мемлекеттермен байланысы бар. Ал енді халықаралық сарапшы ұйымдардың айтуынша, бұл дағдарыс тез уақытта бола қоймайды. Соған алдын-ала біз барлық жағынан дайындалуымыз керек. Осы мәселені сіздерге түсіндіру үшін жиналып отырмыз, экспорттаушылар, үлкен компаниялардың басшылары, тиісті қызметкерлердің бәрі келіп отыр», - деп атап өтті Елбасы.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары