$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекеттік қызметші жемқорлықпен күресте өзгелерге үлгі болуға тиіс

Қазақстан тәуелсіздігінің баянды болуы осы елдің азаматтарының жұмыла көтерген ұлы істерінің арқасында жүзеге аспақ. Қазақстан 2050 жылға дейін әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына енуі тиіс. Бұл - Елбасымыз бастаған халқымыз қоштаған ұлы мақсат. Шымкент қаласындағы Абай ауданы әкімідігі мен Абай аудандық прокуратурасы өкілдері тұрғындарды Ұлт жоспарын жүзеге асыруға көп болып жұмылуға шақырды.

Абай ауданы әкімідігі мен Абай аудандық прокуратурасы өкілдері алдымен ел ішіндегі тұрақтылық жайлы әңгіме өрбіртті.

- Бүгінгі дүрбелең дүниеде  тұрақтылықты сақтау  - басты міндет. Мұны еліміздің әрбір азаматы жіті түсінгені абзал.  Тек бейбіт елде ғана  даму болады. Дау-жанжал елдің еңсесін түсіріп, қайғы-қасірет әкелмек, - деп атап өтті мамандар.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар туралы да айтылды. Жиынды ұйымдастырушылардың пікірінше, сауатты, білікті мемлекеттік қызметші кез келген мәселенің алдын алу жолдарын жергілікті жерде отырып шешуге қауқарлы болуы тиіс.

Сонымен қатар, жиында заң үстемділігін орнату, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайлы да кеңінен сөз болды.

- Сыбайлас жемқорлық - сылып тастайтын сыртқы жара емес. Бұл - тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарды шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, мемлекеттік қызметшілер мен қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз, - деп атап өтті әкімдік және прокуратура өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары