30.08.2015, 03:37

Елбасының Қытайға сапары

egemen.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамда кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен. 

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы-несиелік және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ екі ел лидерлері халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттар бойынша ұстанымдарды қарастырды. Мемлекет басшысы жылы қабылдауы үшін ҚХР төрағасына алғыс айтты және елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас 20 жылдан астам уақыт бойы ұдайы өсу жолында дамып келе жатқанын айтты.

- Бұған Сіздің биылғы мамырда Қазақстанға жасаған ресми сапарыңыз барысында қол жеткен уағдаластықтар септігін тигізіп отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті сондай-ақ қытай халқын жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңістің 70 жылдығымен және Бейжіңнің 2020 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтады.

- Бейжің жазғы және қысқы Олимпиада ойындары өткен әлемдегі бірден бір қала болады, - деді Мемлекет басшысы. Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевқа ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Қытайдың арасындағы стратегиялық серіктестік үздіксіз нығайып келе жатқанын атап өтті.

- Біз бүгін Қазақстан Президентімен бірге жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен декларацияға қол қоямыз. Бұл құжат біздің көпжылдық жемісті іс-қимылымыздың қорытындысы болады және болашақтағы ынтымақтастық бағдарламасына айналады, - деді Си Цзиньпин.  Келіссөздер барысында қытай жағы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қош көретіндіктерін айтты және бұл оқиғаның екіжақты қатынастарды арттыруда маңызды екенін атап өтті. Тараптар сондай-ақ «жасыл технологияларды» дамыту саласындағы ынтымақтастықты Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің әлеуеті ауқымында дамытуға уағдаласты. Сонымен қатар Мемлекеттер басшылары Қазақстан аумағында аз байытылған уран банкінің құрылуына байланысты атом энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге әзір екендерін білдірді. Соңында алдағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты бүкіл әлемдегі валюта нарықтарының құбылмалылығы жағдайында дамыту перспективалары талқыланды. *** Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды: - ҚР мен ҚХР Мемлекеттері басшыларының жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен декларациясы; - ҚР мен ҚХР арасындағы сотталғандарды беру туралы 2011 жылғы 22 ақпандағы шарт бойынша ратификациялық грамоталар алмасу туралы хаттама; - ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы индустрияландыру және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы негіздемелік келісім; - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «СИТИК Групп» арасындағы Қазақстан инфрақұрылымдық қорына (Kazakhstan Infrаstruсture Fund) бірлесіп қатысу туралы келісім; - «Масалы тау-кен байыту комбинаты» ЖШС мен Қытай экспорт-импорт банкі арасындағы займ туралы негіздемелік келісім; - «Еurasian Resources Group» корпорациясы және Қытай мемлекеттік даму банкі арасындағы негіздемелік келісім; - «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ мен «Жібек жолы» қоры арасындағы индустриялық-инновациялық ынтымақтастық жобалары үшін арнаулы инвестициялық қор құру жөніндегі өзара түсіністік және іс-қимыл туралы меморандум; - «Астана ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ және Қытай халықаралық туризм бюросы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум; - ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім; - «Астана LRT» АҚ және Қытай мемлекеттік даму банкі арасындағы займ туралы келісім; - «Astana LRT» ЖШС мен ҚХР компаниялар консорциумы арасындағы ЕРС-келісімшарты.

20 жылға жуық уақыт бойы Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы үздіксіз өсу және нығаю жолымен дамып келеді. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты келіссөздер барысында мәлім етті. «Мен бұл қатынастарды жоғары бағалаймын. Міне, 20 жылға жуық уақыт бойы Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы үздіксіз өсу және нығаю жолымен дамып келеді. Бұған Сіздің ағымдағы жылдың мамыр айында уағдаластық негізде Қазақстанға жасаған сапарыңыз жол ашып отыр. Сізді және бүкіл Қытай халқын екі айырықша оқиғамен: жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы қытай халқы жеңісінің 70 жылдығымен, сондай-ақ Бейжің қаласының Қысқы олимпиада ойындары астанасы болып таңдалуымен құттықтағым келіп отыр. Бейжің әлемдегі жазғы және қысқы Олимпиада ойындары өткен дара қала болып табылары анық», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, Бұл Н.Назарбаев пен Си Цзиньпиннің осы жылғы төртінші және ҚХР Төрағасының өз қызметіне кіріскен сәтінен бергі оныншы кездесуі. Н.Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бейсенбі күні Елбасы қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қытайдың іскер және қаржылық топтары өкілдерімен жұмыс бабында таңертеңгі ас ішіп, оның барысында ҚР мен ҚХР-ның инвестициялық, қаржы-банк және сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту болашағын талқылады.

Кездесуге «Цинхуа», CITIC Group Huawei Technologies, Sinopec Group, CNPC, China Investment Corporation ірі қытайлық компанияларының, сондай-ақ Қытайдың Мемлекеттік даму банкі, Қытайдың Экспорт-импорт банкі, Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің көпжақты уақытша хатшылығы, Жібек жолы қорының, т.б. басшылары қатысқан.

Еске сала кетейік, кеше Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапарының аясында оның ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньмен кездесулері, 12 екіжақты құжатқа қол қою, сондай-ақ үш қытайлық корпорацияның (CNPC, CITIC Group, Qinghua) басшыларымен кездесулері болып өтті.

Сапар 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бүгін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесу өтеді.

Бейсенбі күні ҚР Президенті қытай халқының жапондық басқыншыларға қарсы күресі соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады. 

Қытайға сапар барысында ҚХР-ға жеткізілетін қазақстандық өнімнің көлемін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл туралы қазақстандық журналистерге арналған баспасөз мәслихатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Қазақстанның бидайын Қытайға өткізуге келістік. Жеткізілетін металлургия өнімінің көлемін арттыру жөнінде талқылап жатырмыз.  Оларда өзінің қоры да жетерлік, алайда қазақстандық өнім көлемі аз болғандықтан Қытай басшылығынан біздің өнімнің импортын арттыруды сұрадым. Бұл сұраныстың аз болуынан өнім шығаруды тоқтатқан  қара және түсті металлургия, химия, тыңайтқыштар», - деді Елбасы.

Еске сала кетейік, кеше Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньмен, үш қытайлық корпорацияның (CNPC, CITIC Group, Qinghua) басшыларымен кездесулері өтіп, 12 екіжақты құжатқа қол қойылған болатын.

Сапар 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бүгін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесу өтеді.

Бейсенбі күні ҚР Президенті қытай халқының жапондық басқыншыларға қарсы күресі соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-дың іскер және қаржылық топтар өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Іс-шараға «Хуавэй» корпорациясы басқармасының төрағасы Сунь Яфан, «Цинхуа» корпорациясы басқармасының төрағасы Хо Цинхуа, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің көпжақты уақытша хатшылығының бас хатшысы Цзинь Лицюнь, «СИТИК Групп» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чжэнмин, Қытай мемлекеттік даму банкінің президенті Чжэн Чжицзе және Қытайдың басқа да жетекші компанияларының басшылары қатысты.

 Кездесу барысында Мемлекет басшысы мұндай кездесулер мен пікірлесулер екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін қажет екенін айтты.

«Бұл сапарды Қазақстан-Қытай байланыстарындағы бетбұрысты кезең деп санаймын. Біз Қытаймен негізінен энергетика және ресурс өндіру салаларында 20 жылдан астам белсене ынтымақтасып келдік. Енді жаңа кезеңде экономиканың өңдеу, сонымен бірге машина жасау және ресурсты қайта өңдеу секторларындағы өзара іс-қимылды күшейтуге кірісеміз. Кеше ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен өткен сындарлы келіссөздер  барысында 45 бірлескен нысан ашу жөнінде уағдаластық. Соның 25-і бойынша жалпы құны 23 миллиард доллардың келісіміне қол қойылды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.