17.09.2015, 03:42

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

news.gazeta.kz

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар барысында өңірдің бірқатар кәсіпорындарына бару, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізу жоспарланған.