Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің бірінші рет дағдарыс пен құлдырауға ұшырап отырмағанын мәлімдеді деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.
Назарбаев бұл туралы бүгін Сочиде 12-аймақаралық ынтымақтастық форумында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде айтқан.
Біз дағдарыс пен құлдырауды, қайта көтерілуді бірінші рет бастан кешіп отырған жоқпыз. Бұған байсалды түрде қарап, сауда-саттықты ұлғайту мәселелерін шешу жолдарын іздестіру керек" деген Назарбаев.
Назарбаев экономикада тұрақсыздық байқалған кезеңде аймақаралық кездесудің "маңызы зор" екенін айтқан.
Аймақаралық форум биыл 12-рет өтіп отырғанын айтқан Путин биыл азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін талқылау үшін кездескендерін айтқан. Ол қысқы олимпиададан соң қазақстандықтардың Сочиге баруға "ынтасы артатынына" сенім білдірген.
Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы жыл сайын екі елде кезекпен шекаралас облыстарда өтіп тұрады.