Саясат 18.09.2015 сағат 06:58

Қанша шенеунік қашқын атанды?

Ертеректе ел еркіндігінен айырылып, патша үкіметі бай біткенді қамап, мал біткенді айдап жатқан заманда қазақ даласын, өскен өлкесін, туған отанын тастап, шекара асқан қазақтар аз болған жоқ.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл қасақана қыспақты қара басы ғана емес, үрім-бұтағымен қоса көретін болғандықтан басқа амал болған да жоқ. Кейін ел егемендігін алып, шекарасын бекітіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет болған да, тарыдай шашыраған қазақтар қайта туған топыраққа оралып жатты. Шеттен келген қандастарымызды біріміз құшақ жая қарсы алдық, біріміз «кезінде отанын сатып кеткен қашындар, оралмандар»  деп қабылдадық.

Жә, ол кезде заман басқа, заң басқа еді. Егемен ел болғаннан кейін де отанын тастап, шетел асып жатқандар әлі де көп.  Олардың бірі «бүгінгі билікпен сыйыспай кеттік» десе, бірі байлығына бола отанын сатқандар.1990 жылдардан бері қарай отанынан кеткендерді санамалай бастасақ санынан шатасардай болып қалдық.

 

Әкежан Қажыгелдин

Бұл тізімнің басында экс-примьер министр Әкежан Қажыгелдин мырза тұр. Әкежан Мағжанұлы 1993-1994 жылдары ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. 1994-1997 жылдары Үкіметті басқару ісі жүктеліп, өз ісін абыроймен аяқтайды.  1998 жылы Президенттік кеңесшісі лауазымына дейін көтерілген Әкежан Қажыгелдин сол жылдың қазан айында Президенттікке үміткерлер қатарынан табылады. 1998-2001 жылдары РХҚП төрағасы, ДПО мүшесі болады. 1999 жылы Әкежан Қажыгелдинге халықаралық іздеу жарияланады. 2001 жылы бұрынғы премьер-министрге «қызметтік мәнсабын асыра пайдаланды, жүздеген миллиард  доллар пара алды, мемлекетке шығын келтірді, салық төлеуден бас тартты, заңсыз қару-жарақ ісімен айналысты» деген бірқатар айып тағылып, 10 жылға сырттай сотталды. Соңғы кездері "бұл кісі елге қайта оралады екен" деген сөз ел арасында желдей есіп жүр.

 

Рахат Әлиев

Тізімнің бас жағына Рахат Әлиевті де қосуға болады. Ол шет елде жүріп біраз шулатты. Кітап жазды, түрлі ақпараттармен интернет беттері толтырды.

Рахат Әлиев 1996-2007 жылдар аралығында ҰҚК,  Президентінің Күзет қызметі, Сыртқы істер министрлігі, бірнеше мемлекетте елшілік секілді лауазымды қызметтер атқарды. 2007 жылы «өзінің жеке мүддесі үшін ұйымдасқан топтың әрекетімен адамдарды ұрлау, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін екі және одан да көп адамдарға бірнеше мәрте қару қолдану және зорлық-зомбылық көрсету» бойынша айыпталып халықаралық іздеу жарияланды. 2015 жылы 24 ақпан күні Рахат Әлиев түрмеде қайтыс болды деген ақпарат тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған.

 

Виктор Храпунов

Шетелге қашып кеткен бұрынғы министр, Алматы қаласының экс-әкімі Виктор Храпуновтың үстінен де қаржы полициясы жиырма шақты қылмыстық іс қозғап, іздеу жариялаған. Оның ішінде манабын асыра пайдалану, ірі көлемде пара алу, заңсыз жолмен иеленген қаржыны және басқа мүліктерді заңдастыру, сеніп тапсырылған ірі мөлшердегі бөтен мүлікті иеленіп кету, ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландыру сияқты қылмыстық баптар бар. Сот Храпуновты қамауға алуға санкция берді. Бірақ шетелге қашқандардың арасында сайран салып «қыдырып» жүргендердің бірегейі осы Храпунов. Бүгінде ол ешкімнен именбестен қолындағы байлығын бүкіл әлемге жария етіп, Швейцарияда шалқып өмір сүріп жатыр. Әйелімен баласының сайраны өз алдына бір бөлек.

 

Ағайынды Рысқалиевтер

2012 жылы Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ және оның ағасы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан РЫСҚАЛИ Қазақстан аумағын тастап қашып кетті деген ақпарат таратты. Бір таң қаларлығы бұл ағайынды жігіттерді көрген білген ешкім жоқ. Лондонда жүр екен деген ақпаратты құқық қорғау оргондары растаған жоқ.

 

Мұхтар Әблязов

Мұхтар Әблязов Қазақстан билігін біраз әуреледі. Бұрынғы банкирді ұстау аса оңай болған жоқ.

Ақыры Мұхтар Әблязов 2013 жылы Францияда ұсталып, әлі күнге дейін тұтқында отыр. Ол 2015 жылы Ресейге ауыстырылады деген де мәлімет бар, себебі Францияның соты Ресейдің бас прокуратурасының Мұхтар Әблязовті экстрадициялау туралы өтінішін қолдаған болатын. 

Анар Мешімбаева

Статистика агенттігінің экс-төрайымы Анар Мешімбаева да шетелге қашқандардың қатарында. Анар Мешімбаеваны Ұлттық санақ кезінде қыруар қаржыны талан-таражға салды деп айыптап, жабыла іздеу салып жүріп, ақыры Мәскеуден ұсталды.

1990 жылдан бергі уақытта шетел асқандардың қатарында Серік Медетбеков, Лира Байсейітова, Оразалы Ержанов, Ержан Досмұхамедов, ағайынды кәсіпкерлер Байсақовтар да бар. Бұрынғы ҰҚК төрағасы, бұрынғы президент күзет қызметінің бастығы Әлнұр Мұсаев, Альянс банктің бұрынғы қожалары ағайынды Марғұлан және Ерлан Сейсембаевтар. «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнайгаз компаниясының бұрынғы вице-президенті Мақсат Игеновтер деп жалғастыра беруге болады. Бірақ, бұлардың арасында ақталғандары да, отанына қайтып оралғандары да бар.

Skifnews.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар