$ 446.49  475.38  4.79

Ангела Меркель өзінің саяси өміршеңдігімен рекорд орнатуда

Ангела Меркель өзінің саяси қызметінде ұзақ отыруы жөнінен рекорд орнатуды жалғастыруда, деп хабарлайды РБК.

Осыдан он жыл бұрын 18-ші қыркүйекте Германияда кезектен тыс парламент сайлауы өтіп, канцлер Герхард Шредердің орнына Ангела Меркель отырған болатын.

РБК – ның мәліметтеріне сүйенсек, 2014 жылдың желтоқсанынан бастап Ангела Меркель еуропа мемлекеттерінің ішіндегі өзінің постына отыру ұзақтығы жөнінен рекордты көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, Forbes журналының мамыр айындағы көрсеткіші бойынша неміс канцлері жетінші рет әлемнің ықпалды әйелдерінің қатарында. Бұнда Германия канцлерінің Германия экономикасына қосқан үлесі мен ИГИЛ –мен күресудегі батыл шешімдері де көрсетілген. Сондай-ақ, әлемнің ең ықпалды адамдарының ішінен неміс канцлері бесінші орынды еншіледі. Ал көш басында тұрған ықпалды адам, әзірге Ресей президенті Владимир Путин болып тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары