Қыркүйек айының 26-29 күндері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа барады.
Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруы бойынша Нью-Йоркте өткелі отырған мерейтойлық 70-ші сессиясына қатысып, баяндама жасайды және де БҰҰ мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру жөніндегі саммитке және 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын қарауға, сондай-ақ зорлық-зомбылық экстремизмімен күрес жөніндегі саммитке қатысады деп күтілуде.
Сондай-ақ Бас Ассамблея аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft сияқты және басқа да ірі американдық компаниялар басшыларымен кездесу де көзделді.