$ 443.85  474.3  4.8

Абай Тасболатов Мәжіліс төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Мәжіліс Төрағасының орынбасары етіп депутат Абай Тасболатовты сайлады.

ҚР Конституциясына сәйкес, Мәжіліс Төрағасының орынбасарын Палата төрағасы ұсынады. Осыған орай, спикер Қабиболла Жақыпов өзінің орынбасары ретінде Абай Бөлекбайұлы Тасболатовтың кандидатурасын ұсынған болатын. Абай Тасболатов 2012 жылдан ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты және де Нұр Отан партиясының мүшесі болып табылады. 1-деңгейдегі «Даңқ» және 2-деңгейдегі «Даңқ» орденімен марапатталған,

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс вице-спикері лауазымын атқарған Дариға Назарбаева ҚР Президентінің Жарлығына орай ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары