$ 445.66  474.58  4.78

АҚШ президенті 50 жылдан соң Куба басшысымен кездеспек

АҚШ президенті Барак Обама мен Куба басшысы Рауль Кастро БҰҰ Бас ассамблеясының алаңында 50-жылда алғаш рет кездесетіндігін мәлімдеді, деп жазады Рейтер агенттігі.

Осының алдында  Кубаның сыртқы істер министрі Бруно Родригес Кастроның АҚШ президенті Барак Обамамен бірге бірқатар іс-шараға қатысатындығын хабарлаған болатын.

28 қыркүйекте БҰҰ саммитінде Куба көшбасшысы Рауль Кастро алғаш рет сөз сөйлемек. Өткен жылдың желтоқсан айында АҚШ пен Куба 50 жылдан астам уақытқа созылған үзілістен кейін екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы мәлімдеген болатын.

Еске  сала кетейік, екі ел арасындағы саяси қарым-қатынас 1961 жылы салқындаған болатын. Оның салдарынан АҚШ Кубамен арадағы сауда әріптестікке эмбарго қойған еді.

1977 жылы АҚШ пен Кубада дипломатиялық миссия өкілдері жұмыс істеген. «Мүдде миссиясы» аталған бұл дипломатиялық қадам Швейцарияның қорғауында болған. Алайда, екі елде елшілік мәртебесіне қол жеткізе алмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары