25.09.2015, 11:04

Енді шенеуніктердің жұбайларының да есепшоты тексерілетін болады

richhandbags.atspace.eu

Шенеуніктердің қанша табыс табатындары, тіптен олардың жұбайларының есепшоттарындағы қаржылары жіті тексерілетін болады.

Келесі жылдан бастап жүзеге асатын бұл бастаманы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов шегелеп айтты.  

Депуттар мен соттар, әкімдер мен ұлттық компания өкілдерінің айлығы мен басқа да кірістері жіті тексеріледі. Ал, 2020 жылға қарай қарапайым елдің тапқаны тексеріледі. Бас-аяғы 4 жылда 8 миллион адамның табысы санақтан өткізілмек.

8 сағатқа созылған пленарлық отырыстың ең тартысты тақырыбы халықты міндетті медициналық сақтандыру мәселесі болды. Заңға сәйкес, 2017 жылдан бастап әр жұмыс беруші еңбекақының 2 пайызын сақтандыру қорына аударып отыруы тиіс.

Ал, екі қолға бір күрек таппай жүргендерге мемлекет төлейді. Айта кету керек, бір жыл бойы дәрігер көмегіне жүгінбегендер де міндетті жарнаны төлеулері шарт.

«Мемлекет 8,1 миллион адамға міндетті жарна төлейтін болады. Балалар, студенттер, содан кейін қария азаматтар, мүгедек азаматтар, жұмыссыз азаматтар да бар»,- деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.