$ 494.87  520.65  4.91

Сирия оппозициясы: Ресейдің мақсаты Сирияда бейбіт тұрғындарды қырып, бей-берекетсіздік орнату

Сирия оппозициялық топтары ұлттық коалициясының жетекшісі Халед Ходжа Ресейдің 30 қыркүйекте жасаған әуе шабуылдарынан 36 бейбіт тұрғын, оның ішінде бес бала қаза тапқанын хабарлады.

Ходжаның сөзінше, белсенділер Хомс провинциясына жасалған шабуылдан 36 адамның «бейбіт тұрғын» екенін анықтаған. «Ресейдің Сириядағы мақсаты Асад билігін қолдау, Сирияда бейбіт тұрғындарды қырып, бей-берекетсіздік орнату екені айқын болды» деді Ходжа БҰҰ Бас ассамблеясы аясында. Ол Ресей әскери-әуе күштері Сирия еркін армиясының базасына да соққы жасағанын, бірақ одан адам шығыны болмағанын айтады.

Мәскеу Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымына 20 әуе соққысын жасағанын мәлімдеп, бейбіт тұрғындардың қырылуына қатысы барын жоққа шығарды. Бірақ Халед Ходжа соққы жасалған аймақтарда ИМ күштері жоғын айтады.
Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Халед Ходжаның мәлімдемесін «жалған әрі ақпараттық соғыс» деп атады.

Еске сала кетейік, Ресей Сириядағы «Ислам мемлекеті» содырлар ұйымының позициясына 30 қыркүйекте әуеден алғашқы соққысын жасағанын хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары