$ 494.87  520.65  4.91

Жаңғырған Жібек жолы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. 

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен жүздесу барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін Ли Кэцянға алғыс айтып, ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің былтырғы желтоқсандағы сапарының маңызына тоқталды.
Сіз Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін қалыптастыру ісіне зор үлес қостыңыз. Қазір біз қол жеткізген уағдаластықтар мен бірқатар өнеркәсіп орындарын Қазақстанға көшіру жөніндегі ұсыныс толық қарқынмен жүзеге асырылуда. Соның нәтижесі ретінде бүгінге дейін бірлескен индустриялық нысандар құру туралы 25 келісімге қол қойылды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті сондай-ақ «Нұрлы жол» және «Жаңа Жібек жолы» бағдарламаларының синергиясы екі елдің стратегиялық ынтымақтастығын нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.
Қазіргі уақытта Қазақстаннан Ресейге қарай автомобиль жолы, Иран арқылы Парсы шығанағына қарай теміржол салынды, Каспий теңізінде теңіз порты құрылды, Орталық Азияның барлық мемлекеттері Қорғас арқылы байланыстырылды. Жаңа Жібек жолының Қазақстан арқылы өтетін бөлігі толығымен дайын деп сеніммен айтуға болады, - деді Мемлекет басшысы.
Ли Кэцян Қазақстан мен Қытай халқы арасындағы достықты нығайтудағы рөлі мен елдеріміздің қарым-қатынастарын жаңа сапалы деңгейге шығару ісінде Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі зор екенін атап өтті.

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman)19 ғасырда ұсынған. Ұлы Жібек жолы-адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап, екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып,Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содна Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.

«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады.

Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.

Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас.

7 ғасыр кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғасырға дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғасыр басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады:

Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.

Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Моңғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері.

2013 жылы Қытайдың басшысы Си Цзинпин Еуропа мен орталық Азияны жалғайтын «Жібек жолы» атты экономикалық белдеуді құрастыруды қолға алды. Қазіргі таңда Қытай ең ірі екі экономикалық жобаны жүзеге асыруда: құрлықта «Жібек жолы экономикалық белдеуі», теңізде «XXI ғасырдың теңіз Жібек жолы». Бұл екі жоба Қытайдың барлық компартиялық жиналыстарында қызу талқыланып, жүзеге асуда.

Әрине аталмыш ғаламдық жоба Ұлы Жібек жолының қайта жаңғырып, Еуропа мен Азия елдерінің ықпалдастығының тәжірибе құралы болатындығы даусыз. Осы орайда Қазақстанның көлік-логистикалық дамуын қалыптастыру тұрғысында мүдделілік танытып қана қоймай, бәрінен бұрын Еуропа мен Азия елдері арасындағы «Ұлы Жібек жолы» арқылы тиімді сауда жасауына мүмкіндік әпереді. Бір сөзбен айтқанда, «Ұлы Жібек жолы» экономикалық жобадан  Қазақстанның экономикалық, мәдени, саяси тұрғыдан ұтары көп. «Қытай халқы Жібек жолын дамытуға неге мүдделі?» деген сауалға біздің отандастарымыздың ойланып жатқаны шамалы, біздің бұқаралық ақпаратымыз тек тиімді жақтарын ғана айтуда, міне, осы төңіректе біз әңгімемізді өрбітсек.                                                                                                                               

Қытайдың жоспары «Жібек жолы» атты экономикалық жобаны желеуге алып, күш қолданбай-ақ Орта Азия және оңтүстік Азия елдерін қоршап алу: теміржол, тас жолы, порттарды салып, экономикалық жұмыс күшін қолдану арқылы  экономикалық, мәдени, саяси экспансия жүргізуі әбден мүмкін, оның үстіне 40% табиғи ресурстарымыз Қытайдың қолында болса, «Жібек жолы» экономикалық жобасының пайдасынан, болашақта залалы асып кетпесе жарар еді. Сондықтан біздің мемлекет басшыларымыз «Жібек жолы» экономикалық жобасын бір ауыздан қолдамай, керісінше, оны ғылыми түрде зерделеп, асықпай байыпен шешім шығарғаны дұрыс болар еді. Әсіресе Қытайдың осы әрекеттері Үндістан мен Жапонияны қатты алаңдатуда.

Қазіргі таңда Қытай «Жібек жолы» стратегиясын сырт көзден жақсы бүркемелеуде. Қытай компартиясының жетекшілерінің айтуынша, «Жібек жолы» стратегиясы XXI ғасырда Орта Азия мен оңтүстік Азия елдерін экономикалық, мәдени, әлеуметтік жағынан ынтымақтастырады дейді, бірақ біз Қытайдың бұл жылы сөздеріне сенбеуіміз керек, 1,5 милиард халқы бар көршіміздің іс-әрекеттерін алдын ала болжамасақ, ертеңгі күніміз қиын болады. Бұл алаңдаушылығымыздың тамыры тереңде жатыр, тарихқа үңілсек, 1407-1433 жылдары Адмирал Чжен ежелгі Қытайдың Жібек жолын тиімді пайдаланып, кейбір көрші мемлекеттерге билігін бейбіт жүргізсе, кейбір мемлекеттің билік басшыларын әскери күш қолдану арқылы өлтіріп отырған. Қазіргі таңда Қытай «Жібек жолы» жобасын тікелей өз қара басының пайдасына жарата отырып, Азия елдерінің геосаяси картасын қайта құрмақ.

Тарихи тамыры көне ғасырлардың қойнауында жатқан Алматы қазіргі таңда еліміздің ғана емес, әлемнің әсем қалаларының біріне айналған. Ежелгі дәуір тарихынан, туған жеріміздің тағдырынан сыр шертетін киелі қаламызға бүгінде жаһан жұртшылығы қызыға қараған. Алаштың талай таудай тұлғасын арманының ақ шыңына қол создырған ару Алматы тағы да тарихи төл мерекесін атап өтті. Сүйікті қаламыздың құрметіне орай Орталық мәдениет және демалыс саябағында жалғасқан мере­келік кеште әсем ән мен тәтті күй теңіздегі толқындай болып шашылды.

80 жылдық тарихы бар саябақта Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдас­тыруымен Қала күніне орай Сезім мерекесі өтті. Күн шуақты күздегі бұл мейрам алматылықтар мен қала қонақтарының есінде ерекше сақталары сөзсіз. Қалалықтардың көптен күткен ең сүйікті мерекесінде оларды қызыққа толы таңғажайып тосынсыйлар күтіп тұрды. Екі мың жылдан астам тарихы бар Ұлы Жібек жолының бойымен «Қытай-Қазақстан» достық және ынтымақтастық керуенінің келуі солардың бірі болды. Бұдан бір жыл бұрын Қытайдың Шаньси провинциясының орталығы – Сиань қаласынан жолға шыққан, құрамында 80-нен астам адам, 136 түйе мен арба жегілген 8 ат бар керуен көшін қала жұртшылығы құшақ жая қуана қарсы алды. Қала күні мерекесіне орайлас­тырылған мәдени шараға қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова, ҚХР-ның Алматыдағы Бас консулы Чжан Вэй, Қазақстандағы дүнген қауым­дастығының президенті Хусей Дауров және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. Ұлы Жібек жолының тарихи бағытын бетке алған керуен сапарының ұйымдастырушылары Қазақ­стандағы дүнген қауымдастығы,  Сиань қаласы, Алматы қаласы мен Алматы және Жамбыл облыстарының әкімдігі болып табылады.

– Бұл халықаралық шара Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту, Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы мәдени, ғылыми, сауда және экономикалық байланыс­тарын одан әрі нығайту мақсатын көздейді. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзинь­пин туып-өскен Сиань қаласынан жолға шыққан керуен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері Үшқоңыр ауылына барып, Елбасы жерлестеріне Си Цзиньпин жерлестерінің ыстық сәлемін жеткізбек. Бұдан кейін «Қытай-Қазақстан» достық және ынтымақтастық керуені 8 қазанда өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысу үшін  қасиетті Тараз қаласына аттанады. Бұл керуен екі мемлекеттің арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды байыта түседі, – деді Қазақстандағы дүнген қауымдас­тығының президенті Хусей Дауров.

Күніне 25 шақырымнан жүріп отыратын керуен қазақстандықтарға тарту ретінде Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын құнды тауарлардың бірі болған қара шай алып келген. Керуен басшысы Джоу Де Шенгтың айтуынша, емдік қасиетімен ерекшеленетін «Э зы фуша» деп аталатын бұл шайдың адам  денсаулығына пайдасы мол, ол қан қысымын азайтып, қан құрамындағы қант деңгейін төмендетіп, ас қорыту жүйесін жақсартады және артық салмақтан арылтуға әсер ететін көрінеді.

Мереке аясында қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова шаһар басшысы Бауыржан Байбектің атынан алматылықтарды мерейлі мерекесімен құттықтап, «Қытай-Қазақстан» достық және ынтымақтастық керуенінің екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

– Көне Ұлы Жібек жолының бүгінде қайта жаңғыруы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты арттыра түседі. Ұлы Жібек жолы бүгінде екі ел арасында өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жолына айналуда. Көне Ұлы Жібек жолы арқылы қазақ жеріне келген керуен – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Консти­туция­сының 20 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп жатқан бізге қытай халқының жеткізген ыстық сәлемі, – деді қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова.

Мереке аясында ҚХР-ның Алма­тыдағы Бас консулы Чжан Вэй де алматылықтарды мерекесімен шын жүректен құттықтап, қос елдің дос­тастығының тамыры тереңде жатқан­дығын жеткізді.

– Бұл керуен Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуі тұжырым­дамасы мен «Нұрлы жол» бағдар­ламасының жүзеге асуына жаңа серпін береді деп сенемін. Сондай-ақ, бұл ҚХР-дың құрылғанына 66 жыл толуына және Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай жасалған тамаша сыйлық, – деді ол.

Шуақты шаттыққа, күлкі мен қуанышқа арналған Сезім мерекесінде көрермендерге шеберлік сыныптары мен спорттық сайыстар ұйымдас­тырылды. Ал, арнайы безендірілген демалыс аймағында бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерімен әртүрлі байқауларға қатысып, балалық шақтың қайта­ланбас қызығына кенелді.

Экономикалық «Жібек жолы» стратегиясының басты мақсаты – бұл Пекиннің стратегиялық басымдылығын нығайту, Қытай халқының арманы – бұл ежелгі Қытайдың беделі мен күш-қуатын қайта жаңғырту. Компартия басшысы Си Цзинпиннің көздеп отырған талпынысы да осы, экономиканың қарқынды дамуы, халық санының жеткіліктілігі Қытай арманының орындалуына шақ қалды. Си Цзинпиннің билікке келгеннен бергі іс-әрекетін бақыласақ, көрші елдерге қыруар инвестициялар құйып, олардың экономикасын Қытайға тәуелді етіп қойды. Мәселен, Want China Times газетінің мәліметтеріне қарағанда, Қытай болашақта  «Жібек жолы» стратегиясын дамыту үшін 20 триллион АҚШ долларын құйюға даяр екенін көрсетіп отыр.  Қытай көрші елдерде порт, темір жолдар, автомагистральдар, мұнай құбырларын дамыл таппай салуда, бұл арада компартия басшылары келесідей мақсаттарды көздеп отыр:

Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  1.   Өндірістік тауарларды экспорттау;
  2.   Көрші елдерді өзіне экономикалық жағынан тәуелді ету;

     4.Жоспарлаған әскери стратегиялық мақсаттарға жету;

Қытай азаттық-халық армиясының(ҚХАА) әскери ғылым академиясының құрметті мүшесі Чжоу Бо (Zhou Bo) айтуынша Қытайдың «Жібек жолы» мегажобасы болашақта Орта Азия мен оңтүстік Азия елдерінің саяси және экономикалық ландшафтысын едәуір өзгертетініне сенімді. Қытайдың бұл әрекеттеріне үлкен сенімсіздікпен және нақты қарсы болып отырған екі мемлекет бар, ол Жапония мен Үндістан, бұлардың араларына отқа май тамызып қоятын АҚШ-ты да қосуға болады. Жалпы Қытай көршілерін шошытып алмас үшін өзінің мегажобаларын байыппен, бүркемелеп, қулықпен жүзеге асыруда. Осы арада Қытайдың әфсана-мысалын айтқым келеді: «Қазанның жылы суында құрбақа рахаттанып, өзін қауіпсізбін деп сезініп, суды шалпылдатып шомыла береді. Судың температурасы бірте-бірте көтерілгенін сезбей, ақырында өледі, ар жағында оны дастархан мәзірі үшін дайындап бере беруге болады». Міне, Қытай көрші елдерге осы тәсілді жақсы қолданады. Мысалы, Қытай «Жібек жолы» мегажобасын құруға Үндістанды тартып отыр, оның түпкі мақсаты Үндістанды АҚШ пен Жапония араларындағы стратегиялық байланысты үзу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары