$ 494.87  520.65  4.91

Башар Асад биліктен кетуге дайын

АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалицияны Сирия президенті Башар Асад та сынға алды, деп хабарлайды «Nur.kz».

Иранның Khabar TV арнасына берген сұхбатында ол біріккен әскери күштердің жұмысы нәтижесіз екенін айтқан.

«Егер менің кетуімнен мәселе шешімін тапса, бұған мен дайынмын. Әрине, ондай шешімді халық қабылдауы тиіс», - дейді Башар Асад.

Оның пікірінше, Сирия, Иран мен Ирактың қолдауымен құрылған Ресейдің әскери кампаниясы жеңіске жетуі тиіс, әйтпесе аймақ біржола құруы мүмкін.

Тіпті, Башар Асад дағдарыстан халқын құтқару үшін биліктен кетуге де дайын екенін мәлімдеді.

«Мен тағы қайталаймын, егер менің кетуімнен мәселе шешімін тапса, бұған дайынмын. Әрине, ондай шешімді халық қабылдауы тиіс. Оппозициядағылар мұны дұрыс деп тапса, неге Сирия халқын көндіре алмай отыр. Сонда халық сайлау арқылы кімнің президент болатынын шешер еді»,  деді Сирия президенті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары