$ 496  588.01  6.42

Мемлекеттік қызметшілер заманның сұранысына лайық жұмыс жасауға бейімделуі керек

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15 қадамын тұтастай кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арнады. Ұсынылған реформаның негізгі ба­ғыты – халыққа ыңғайлы, тиімді қызмет жасау тәсілін қарастыру.  Осы орайда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Біздің мін­дет – халыққа қызмет» деген ұранмен жұмыс жасауда. 

Бұл туралы аталмыш департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Берік Бекжанов мәлім етті.

- Әлемде болып жатқан дағда­рыс­тық жағдай біздің елді де алаңдатуда. Сон­дық­тан Қазақстанды дамудың жаңа сатысына шығуына және әлемнің ең дамыған мемле­кеттерінің қатарына енуіне мүмкіндік бе­ретін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағытын жетіл­діру жөніндегі «100 нақты қа­­дам» Ұлт жоспары дүниеге келді. Бұл жос­­пар – жаһандық және ішкі сын-қа­тер­лерге жауап болатын жаңа тарихи жағдайда 30 дамыған елдің құрамына ену бойынша кепіл болып табылады. Реформалар Қа­зақстанның әрбір азаматының тікелей қа­ты­суын қажет етуіне байланысты Ұлт жос­пары деп аталды. Яғни бұл реформалар – тек мемлекеттік аппараттың ғана емес, ха­лықтың ісі. Реформалардың мәні – ұлтты жаң­ғыртуда. Ұлт жоспарының бірінші – 15 қадамы мемлекеттік қызметшілер кор­пусын кәсіби және дербес етіп жасауға ба­ғыт­тал­ған, - дейді Б.Бекжанов. 

Оның мәлімдеуінше, қазіргі кезде мемлекет­тік қызметшілер үшін «100 нақты қадам­ның» маңызын жұртшылыққа жеткізу, қо­ғамның барлық топтары мен институттары ара­сында беделді топтарды қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілерді заманның сұранысына лайық жұмыс жасауға дайын­дау мәселелерінде ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу күн тәртібінің кезек күттірмейтін мәселесіне айналған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0