$ 494.87  520.65  4.91

Беларусьтегі президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

Беларусьтегі президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

Бұл туралы «БЕЛТА» хабарлайды.

Республика аумағында құрылған жалпы учаскелерде және шет елдердегі бөлімшелерде мерзімінен бұрын дауыс беруге болады.

Беларусь заңнамасында мерзімінен бұрын дауыс беру комиссияның кем дегенде екі  мүшесінің бақылауымен тек учаскелік комиссия ғимаратында өтуі тиіс. Сайлаушының тұрғылықты жері бойынша мерзімінен бұрын дауыс беруге жол берілмейді.

Айта кетейік, президент сайлауына орай елде  7 млн астам бюллетень басып шығарылды. Резервтік бюллетеньдердің саны 5 пайыздан аспауы тиіс, олар учаскелер бойынша үлестірілген.

Президент сайлауы 11 қазан күні өтеді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары