Қырғызстанда 2018 жылы экстремистік сипаттағы ақпарат таратқан 36 интернет сайт бұғатталған. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Мекеменің дерегінше, былтыр Қырғызстанның құқық қорғау органдары осы сипаттағы 91 ақпаратты анықтаған, олар 70 сайт пен 21 аккаунтта тараған. Олардың ішіндегі 36 сайт сот шешіміне дейін бұғатталып отыр.
Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия мәліметінше, Қырғызстанда 21 ұйым «деструктивтік, экстремистік және террористік» деп танылып, олардың қызметіне сот арқылы тыйым салынған.