$ 494.87  520.65  4.91

Жемқорлыққа жол берiлмейдi

Жуырда ОҚО статистика департаментiнiң ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжiлiсi өттi. Жиынға Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi ОҚО бойынша департаментiнiң мамандары мен прокуратура қызметкерлерi қатысты.

– Статистика департаментiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде түрлi iс-шаралар ұйымдастырылады. Азаматтардың ақпаратқа еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етуде департаменттiң интернет-ресурсы жұмыс iстейдi.

Онда мемлекеттiк құпия құжаттардан басқа да ақпараттар жарияланады. Басшылар арнайы кесте бойынша азаматтарды қабылдайды, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа жол берiлгенiн байқаған жағдайда департаменттiң сенiм телефонына хабарласуға немесе арыз-шағымдар жәшiгiне хабарлама қалдыруға болады, –дейдi департамент басшысының орынбасары Ж.Ережепова.

Соңғы жылдары онлайн жүйесi арқылы статистикалық есептердiң электронды нұсқасын қабылдау қолға алынған. Ал, қағаз жүзiнде тапсырылатын есептер «бiр терезе» қағидасы негiзiнде жүзеге асырылады. Өткен жылы 16 мың статистикалық мәлiмет электронды түрде қабылданса, жыл басынан берi 10 мыңға жуық құжат онлайн тәртiбiмен тiркелiптi.

Сыбайлас жемқорлық – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және соларға теңестірілген тұлғалардың,  лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары