$ 494.87  520.65  4.91

Парасыз мемлекет отбасынан басталады

Бұл туралы Ордабасы ауданында үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң жобасын талқылау бойынша өткен кездесу барысында айтылды. Жиынға мемлекеттік қыз­мет­шілер, әйелдер қауымдастығы­ның мүшелері, «Жастар орталығының» мамандары қатысты.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша депар­таментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Г.Мұсабекова , өздерінде атқа­рылып жатқан іс-шаралар жайлы баяндады.

«Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Маманова отбасы баян­ды­лығы, оның мемлекет тұрақтылығына әсер етер үлкен ықпалы ту­ралы сөз қозғады.

- Қазір елі­мізде кеңінен өрістеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күресте де отбасының алар рөлі елеулі. Өйткені, парасыз мемлекет отбасынан басталады, - деп атап өтті ол.

Аталған департаменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Қ.Құлажанов «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасы бойынша ұсынылып жатқан өзгерістер мен толықтырулар жөнінде жеткізді. Оның мәлімдеуінше, мемлекеттік қызметтің мәртебесі арттырылып, кеңінен насихатталуына қарамастан, бос лауазымдар баршылық.

Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі кездесу соңында көпшілік тарапынан айтылған ұсыныстардың заң жобасын жасаушыларға және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жіберілетінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары