Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Катар мемлекетіне келді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан президенті сапар барысында Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен келіссөздер өткізеді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Катар мемлекетінің іскер және қаржы элитасы өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр.