$ 494.87  520.65  4.91

Facebook желісінде Ақорданың тек қазақша жазатын аккаунты пайда болды

Бүгіннен бастап Фэйсбук әлеуметтік желісінде Ақорданың жаңа аккаунты жұмысын бастайды. AkordaBaspasoz деп аталатын парақшадағы жаңалықтар мен өзге де материалдар тек қазақ тілінде таратылмақ деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев. 

 

«Парақшадағы материалдар мемлекеттік тілде жарияланатын болады. Бұл арқылы елдегі және шет елдердегі қазақ тілді сайт пайдаланушылары үшін Мемлекет басшысының қызметі туралы маңызды әрі қызғылықты ақпараттар алуға мүмкіндік туады» делінген баспасөз хатшысының хабарламасында.

Сонымен қатар, қолданыстағы AkordaPress контенті де тиісінше орыс тіліндегі жұмыс режіміне көшеді.

Аккаунттар мазмұны әркелкі аудиторияның сұранысына бейімделетіндіктен, жаңалықтардың берілу формасында айырмашылық болады.

Біз уақыт талабына сай болуға тырысып, азаматтар күткен үдеден шығуға бағыт ұстап отырмыз. Пайдаланушылар бұл өзгерістерге лайықты бағасын береді деп сенемін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары