31.03.2019, 04:57

Словакияда президенттік сайлауда әйел адам жеңіске жетті

Словакияда өтіп жатқан президенттік сайлауда адвокат және экология жанашыры Зузана Чапутова көш бастады. Сайлаудың екінші кезеңінде оған дауыс берушілердің 58 пайыздан астамы сенім танытқан деп жазады Lenta.ru.

Сайлау нәтижелері ресми жарияланғанда Чапутова Словакия тарихындағы алғашқы әйел президент болады.

Ал, Чапутоваға қарсылас болған Еурокомиссия басшысының орынбасары Шарош Шевчовичтың жиған дауысы 42 пайызға жетпей қалды.

Жаңа президент өз қызметіне 15 маусымнан бастап кіріседі. Ол 1993 жылы тәуелсіздігін алған Словакияның бесінші президенті болмақ.

Айта кету керек, президенттік сайлаудың екінші кезеңіне дауыс берушілердің небәрі 42 пайызы ғана қатысты. Ал, бірінші кезеңге 49 пайызы келген. Бұл ел тарихындағы ең төменгі көрсеткіш.