Алматыда "Ұлт тағдыры" ұлттық патриоттық бірлестік" қоғамдық бірлестігінің баспасөз-конференциясы өтті. Жиында Қазақстан президенті лауазымына кезекті кандидат ретінде Әміржан Қосанов ұсынылды.
Бірлестік жетекшісі Дос Көшім бірлестік атынан ортақ кандидат ретінде танымал қоғам қайраткері Әміржан Қосановты ұсынды. Қосановтың кандидатурасы бірауыздан мақұлданды.
Әміржан Қосанов 1964 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Комсомолда, ҚР мемлекеттік органдарында, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстарда жұмыс істеген. Соңғы жылдары мақалалары баспасөз бен әлеуметтік желіде жиі жарияланып келеді. Отбасылы, үш баласы бар.