$ 494.87  520.65  4.91

Қырғызстанда жаңа үкімет тағайындалады

Қырғызстанда бүгін жаңа премьер-министр сайланып, парламентке үкімет құрамы ұсынылады деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Премьер-министр қызметіне осы міндетті уақытша атқарушы Темір Сариевтың кандидатурасы ұсынылған.

Қырғызстан үкіметі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа үкіметте вице-премьерлер саны төрттен үшке, министрліктер саны 14-тен 12-ге азаяды. Бұдан өзге, мемлекеттік агенттіктер санын 28-ден 24-ке дейін қысқарту жоспары бар.

Қырғызстанда жаңа сайланған парламент – Жогорку Кенештің жұмысқа кірісуіне байланысты 28 қазанда үкімет отставкаға кеткен.

Парламенттің жаңа коалициясы құрылып, үкіметтің жаңа құрамын жасақтап болғанша премьер-министр Темір Сариев пен оның орынбасарларына және үкіметтің өзге де мүшелеріне бұрынғы міндеттерін атқара беру жүктелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары