$ 494.87  520.65  4.91

Министрлер халықты «Нұр Отанда» күтеді

Қараша айында «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында мемлекеттік органдардың өкілдері мен «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшелері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

ҚР инвестициялар және даму министрі  Ә.Исекешев азаматтарды қабылдауды 4 қарашада өткізеді (10.00-13.00);

4 қараша (15.00-17.00) - ҚР Ұлттық экономика министрі Е.Досаев;

11 қараша - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров;

18 қараша – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М.Әзілханов;

25 қараша – ҚР Бас Прокурорының орынбасары Н.Исаев;

27 қараша (10.00-13.00) - ҚР Денсаулықсақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова

27 қараша (15.00-17.00) – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е. Нысанбаев;

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында «Нұр Отан» партиясы Фракциясының депутаттары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Оңалсын Жұмабеков азаматтарды 3 қарашада қабылдайды;

5 қараша - Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Елена Тарасенко;

10 қараша - Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов;

12 қараша - Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Надежда Петухова;

17 қараша - Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Николай Кузьмин;

19 қараша – Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшесі Серікбай Нұрғисаев;

24 қараша - Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Зағипа Балиева;

26 қараша - Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Андрей Бегенеев;

Қабылдау мына мекенжайда өтеді: Астана қ-сы, Кенесары көшесі, 25 үй, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауы  сағ 10.00 ден 13.00-ге дейін.

Қабылдауға жазылуға болады:

- Электрондық қоғамдық қабылдау арқылы  www.kk.nurotan.kz мекенжайы бойынша

- Бірыңғай Call – орталығы бойынша: тел. 59-78-50, 

- Республикалық қоғамдық қабылдаудың мекенжайы бойынша: Астана қ-сы, Кенесары көшесі, 25. 

Сонымен бірге, басқа облыс орталықтарының және Алматы қаласы тұрғындарының Астанаға келмей-ақ қабылдауға жазыла алатынын хабарлаймыз. Өйткені, қабылдауды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалдарында бейнебайланыс режимінде өткізу мүмкіндігі қарастырылған.  Жазылу қабылдауға 3 жұмыс күні қалғанда аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары