Саясат 28.04.2019 сағат 10:48  71

Назарбаев: Қытай мемлекеті – Қазақстан үшін тірек санайтын біздің жақын досымыз

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Назарбаев: Қытай мемлекеті –  Қазақстан үшін тірек санайтын біздің жақын досымыз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдірді.

«Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап, мен сіздің еліңізбен өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың осындай деңгейіне қол жеткізу үшін жұмыс істедім. Осы жылдар ішінде арамыздағы барлық өзекті мәселелер шешімін тапты. Біз шекарамызды белгілеп, сенімге негізделген диалогтың деңгейін көтердік», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы экономиканың түрлі секторларындағы қатынастардың жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

«Қытай мемлекеті Қазақстан үшін көршілес ел және экономикалық серіктес қана емес, сонымен бірге сенім артып, тірек санайтын біздің жақын досымыз», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

 

 

 

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар