$ 494.87  520.65  4.91

Жапония императоры тақтан бас тартты

Күн шығыс елінде алғаш рет император өз еркімен тақтан кетті, деп хабарлайды bbc.com.

Соңғы 200 жылда алғаш рет орын алып отырған бұл оқиға көпшілікті таң қалдырды.   

85 жастағы императордың мұндай шешімге келуі денсаулығының сыр беруіне байланысты болып отыр. Дәрігерлер императорға тыныш жерде демалып, денсаулығын қатаң бақылау керектігін айтты.

Салтанатты шара императордың  «Мацу-но-ма» сарайында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:00 өтеді. Арнайы шараға императордың семсері, қасиетті айнасы және тек императорға тиесілі т.б. заттары әкелінеді. Сонымен қатар аталмыш шараға шамамен 300 адам қатысады.

Салтанатты рәсімнің соңында Акихито халыққа соңғы үндеуін жасайды. Алайда заң бойынша Акихито түнгі сағат 12:00-ге дейін император болып қалады. 

59 жастағы Акихитоның ұлы Нарухито Жапонияның 126 императоры болып, 1 мамырдан бастап таққа отырады. 

Естеріңізге сала кетейік, Жапонияда соңғы рет 1817 жылы император Кокаку өз еркімен тақтан бас тартқан еді. Акихито әкесі император Хирохито 1989 жылы 7 қаңтар күні қайтыс болғаннан кейін 55 жасында таққа келген болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары