Мемлекет басшысы нұрсұлтан назарбаевтың ұсынған бес институттық реформасы қазақстанның стратегиялық тұрғыда қарышты дамуының кепілі. Сонымен қатар, осы ұлт жоспары аясында жүзеге асырылуы тиіс «100 нақты қадам» берекелі істің бастауына айналды. Елбасы реформалық игі істердің негізін жариялай отырып, басымдыққа ие салалардың бірі – сот қызметін заманауи ағымға сай жетілдіру болып табылатындығын қадап айтты. Сондықтан да осы салада нақты сот төрелігін қалыптастыруда соттарға бірқатар міндеттер жүктеліп отыр.
Тек орындай алу қажет. Ал оны мінсіз орындау уақыт пен заман талабы. Өйткені, қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену жолында соттар мен судьялардың атқарар міндеті өте зор. Осыған орай, біз бүгінгі әңгімемізде ұлтымызды ұшпаққа шығаратын ұлт жоспарындағы «100 нақты қадам» жобасында көрсетілген сот қызметіне қатысты нақты тапсырмаларды таратып айтпақпыз.
Өркениеттілік пен дамудың даңғыл жолына бастайтын «100 нақты» қадамның 16 және 34-қадамдары тұтасымен заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған болса, оның ішінде сот жүйесін жетілдіру мәселесі 16 және 27-қадамдарда нақты айтылады. Ендеше, қазіргі кезеңде осы саланы заманауи талаптарға сай дамытуға қатысты ой-пікірімізді ортаға салып көрелік. Бұл ретте 16-қадамда азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру үшін сот сатыларын оңтайландыру көзделген. Яғни, бес сатылыдан (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) үш сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігіне көшу. Бұл қазіргі кезде қоғам арасында қызу талқылануда. Оның көрінісін қоғам арасында заң өкілдері тарапынан жан-жақты түсіндіру жұмыстарының жүргізілуінен де байқауға болады. Ал енді бұл өзгеріс бізге «не береді?» деген мәселеге келер болсақ, ол – сот құрылымы мен сот өндірісі қызметін жаңғырту арқылы елді жоғарыда атап өткен өркениеттілікке жетелейді.
Сонымен қатар, қоғамды жаңа заманның талаптарына сай бейімдеп, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сондай-ақ, жаңашылдыққа негізделген реформалар мен онда көрсетілген жүйелердің артықшылығы жарқын болашақты кепілдендіруде бірін бірі толықтыра түседі. Осындай бағытты ұстанған басты құжатымызда сот жүйесінің қызметіне де басымдықтар берілген. Бұл басымдықтар орындалса азаматтардың сот төрелігі жүйесінің қызметін тұтыну тиімділігі артады. Сонымен қатар, іс жүргізу үдерісін жеделдетумен қатар, оның қолайлылығын да қамтамасыз ететіндігі сөзсіз. Айталық, бұл жерде судья шешіміне қанағаттанбаған азаматтардың шағымдану инстанциялары қысқаратыны белгілі. Есесіне, бестен үшке қысқарған сатылы қызметтің құзыреті артады. Осылайша, инстанцияларды оңтайландыру арқылы, қазақстандағы сот саласы халықаралық деңгеймен теңесіп, дамыған елдер тәжірибесімен ұштасады. Өз кезегінде бұл әдіс біздің еліміздің терезесін әлем елдерімен теңестіре түседі. Демек, біздің стратегиялық даму бағытымызды елбасымыз әлемдік тәжірибеге сүйене отырып айқындап бергендігіне тағы бір көз жеткізе түсеміз.
Президент құқық пен қаржылық мәселеге қатысты заңнамаларымызды жетілдіру үшін ел үкіметіне басқа да нақты тапсырмалар жүктеген еді. Мысалы, 23-қадамда инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізу қажеттігін құруды атап өтті. Бұл жерде жоғарғы сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін инвестициялық алқаны ұйымдастыру мақсаты тұр. Ендеше, жергілікті соттарда судьялық міндет атқаратын мамандарымызға халықаралық деңгейде жұмыс істеуіне қажеттілік туындайды. Ал бұл міндет кім-кімнен болса да, терең біліктілік пен мол тәжірибені талап етеді. Сонымен қатар, 24-қадамда көрсетілген тапсырмаға сәйкес, астанада халықаралық арбитраждық орталық құрылатындығын ескерсек, алдымызда зор жауапкершілік тұрғандығын аңғарамыз. Өйткені, бұл саладағы судьяларға қойылатын талап, міндеттердің өзіне тән иірімдері бар.
Мысалы, облыстық немесе аудандық сот судьясы үшін қоғамдағы әкімшілік жауапкершілікке қатысты шешім шығару ісі мен халықаралық деңгейде жұмыс істейтін инвестициялық компаниялар арасындағы дауларға қатысты арыз-шағымдарды қарап, оған төрелік айту құзыретінің арасалмағы салыстыруға мүлдем келмейді. Алдыңғысына қарағанда соңғысының жүгі басым. Оның үдесінен шығатын маманға қойылатын заңгерлік терең білім мен судьялық қызметтегі мол тәжірибеге қоса, халықаралық деңгейдегі құжаттамалық келісімдердің маңыздылығын еркін ұғыну, дипломатиялық қатынастардың кейбір қыр-сырын сезіну, заңды жетік меңгерумен қатар, қаржылық терең сауаттылық сынды шарттары бар. Яғни, елбасы айтқан тапсырмаларды орындау үшін бізге мамандарымызды осы деңгейде дайындау ісін ілгерілеткеніміз жөн. Өйткені, астанада құрылатын халықаралық арбитраждық орталық дубай тәжірибесіне негізделе отырып, іске қосылады. Ал дубай қаржы орталығының қысқа уақыт ішінде жүріп өткен жолы, әлемдік тәжірибеде озық деп мойындалған. Ендеше, аз уақытта көп жетістікке жетуге жетелейтін мемлекет басшысының тапсырмасын шашау шығармай іске асыруымыз қазақстан судьяларының халықаралық деңгейдегі дәрежесі мен қабілет-қарымын да айғақтай түседі. Олай дейтін себебіміз, ұлт жоспарының 25-қадамында бұл мәселеге қатысты мынадай ой айтылған. «шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуде қамтамасыз ету үшін, жоғарғы сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру керек. Кеңес қазақстандық сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша жоғарғы сотқа кеңес беріп отырады» делінген. Бұл ой еліміздің судьяларын уақыт талабына сай, заман ағымына ілесе отырып, жан-жақты әрі сапалы қызмет көрсетуге үндейді. Ендігі мақсат осы үмітті ақтап, сенім үдесінен шығу қажет. Себебі, бұл қадам жоғарыда атап өткен ең үздік халықаралық тәжірибені пайдалануға мүмкіндік береді.
«100 нақты қадам» – бұл біздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Ал реформаларды жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылдағы бірінші кезекті жалпыұлттық міндет екендігін атап өткен мемлекет басшысы елдің ішкі жағдайындағы сот саласы қызметін де жетілдіре түсу керектігіне ерекше көңіл бөлді. Сондықтан да ата заңымыздың 75-бабындағы 2-тармақшасында: «сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы орындалады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады» деп жазылған. Ал өз кезегінде ұлт жоспарының 21-қадамында алқабилердің реформаланған сот төрелігі жүйесінде жұмыс істеуін былай меңзейді: «алқабилер соты қолданылатын салаларды кеңейтіп, заңды түрде алқабилер соты қатыстырылатын қылмыстық істердің категорияларын анықтау қажет» дейді. Осылайша, түпкілікті негізін конституция тармағынан алатын алқабилер қызметі туралы заң нормалары өзара үндестігі мен сабақтастығын сақтай отырып, бірін-бірі толықтыра түседі. Сонымен қатар, бұл жерде 19-қадамға қатысты тұжырымдамаға тоқталмай өтпей болмайды. Онда «судьялардың есеп беру тәртібін күшейту туралы» айтыла келіп, былай делінген: «судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау, соның негізінде азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің жоғарғы сот жанынан құрылған арнайы сот алқасына шағымдана алатын болуы керек». Әрине, бұл судья шешімімен келіспеген жағдайдағы әрекетке қатысты орындалуы тиіс шаруалар. Ал енді сот ісі мен судья әрекетіндегі әділдік пен шынайылықтың айқындалу реті де ұлт жоспарында нақтыланған. Яғни, барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу көзделген. Онда судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмау керектігі де нақты көрсетілген. Сол сияқты, сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту жайы да қамтылған. Тіпті, бұл бағытта азаматтық іс жүргізу кодексіне тиісті өзгертулер енгізу жайы айтылған.
Конституциямыздағы 13-баптың 2-тармағына сәйкес, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына құқығы бар екендігін ескерсек, бұл құқық азаматтардың сотқа жүгінуі арқылы жүзеге асырылатындығы белгілі. Ал сот қызметінің шынайылығына қатысты атқарылатын басты жұмыстарды жоғарыда айттық. Енді сот жүйесі қызметі мен судья шешімінің орындалуына қатысты мәселелерге тоқталсақ. 27-қадамда жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту арқылы, сот орындаушылардың мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту қажеттілігіне басымдық беру керектігі көрсетілген. Мұндай сот-құқықтық реформалардың жүргізілуі мемлекетте тәуелсіз әрі мықты сот билігінің орнығуына әкеледі. Сот қызметіне азаматтар сенімінің артқандығын жыл сайын сотқа жүгінетін арыздар санының артып келе жатқандығынан аңғаруға болады. Қазіргі кезде соттар жылына 1 млн.-нан астам істі қарайды. Алайда, тәжірибеге сүйенсек, сот азаматтың талап-арызын қанағаттандырғанымен, құқықтың қалпына келтірілуінің кепілі болып табылмайды. Осы жерде соттардың іс жүргізудегі негізгі сатыларының бірі – сот актісін орындау қызметі. Дәл осы заңды күшіне енген сот актісінің мерзімінде әрі нақты орындалуы азаматтық-құқықтық қатынастардағы соңғы саты және конституцияның жоғарыда аталған нормасын шынайы жүзеге асыру болып табылады.
Бұл мәселені талқылай келе, сот орындаушылар институтын белгілі бір сот актілері бойынша ғана қалдыру қажет деген тұжырым қабылданды. Атап айтқанда, мемлекеттен және мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы атқару құжаттарымен мемлекеттік сот орындаушылары айналысуы қажет деп шешілді. Бұл экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы (эыдұ) кейбір мемлекеттердің тәжірибесіне сәйкес келеді (яғни, халықаралық деңгейде тиімді деп танылған). Мысалы, францияда жеке сот орындаушыларымен қатар, мемлекеттік сот орындаушылар жүйесі де бар (мемлекеттік қазына сот орындаушылары). Олардың өкілеттігіне мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы және әкімшілік сот актілерін орындау кіреді. Ақш-та мәжбүрлеп өндіріп алуды жеке коллекторлық агенттіктер жүзеге асырады, ал мемлекеттік сот орындаушылары қақтығыс пайда болу қаупі бар және мемлекеттік билік өкілеттігі қажет болғанда ғана пайдаланылады. Осылайша, аталған мемлекеттердің тәжірибесі мемлекеттік сот орындаушыларымен қоса жеке сот орындаушылардың болуының дұрыс екендігін көрсетеді. Жалпы, жеке сот орындаушыларының құзырына жеке ұйымдар мен азаматтардың пайдасына өндіріп алу туралы (алимент, жалақы, зейнетақы және жәрдемақы өндіріп алу) барлық сот актілерінің орындалуын беру дұрыс қадам екені сөзсіз.
Жоғарыда мысалға алған тәсіл алдыңғы қатардағы мемлекеттер тәжірибесіне ешқандай да қайшы емес. Сондықтан да бұл санаттағы істерді келер жылдан бастап (2016 жыл) жеке сот орындаушыларына беру көзделіп отыр. Бұл біздің қолданыстағы заңнамалардың ұлт жоспары аясындағы заманауи талаптармен өзара үндесіп келе жатқандығының айқын көрінісі ретінде бағалауға тұрарлық жағдай болып табылады. Сондықтан да реформада көрсетілген нақты тапсырмаларды ойдағыдай жүзеге асырсақ, ел азаматтарының сот жүйесі қызметіне қолжетімділігі жеңілдеп, оның деңгейі жоғарылай түсетіні сөзсіз.
Ұлт жоспары - мемлекет басшысы нұрсұлтан назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам.
«100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайлардаұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.
«100 нақты қадам» елімізге «2050-стратегиясын» жүзеге асыру мен қазақстан
Мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорынжасап беретін болады.
Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу»болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
і. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру
1-қадам. Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс.
2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
3-қадам. Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.
4-қадам. 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі(тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).
5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру.
6-қадам. Еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу. Мемлекеттік қызметкерлер үшін - жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін - стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер үшін - мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; үкімет мүшелері үшін - интегралдық макроэкономикалық индикаторлар.
7-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффициенттерін қосу
8-қадам. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру.
9-қадам. Мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту - үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру.
10-қадам. Мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу. «б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту.
11-қадам. Шетелдік менеджерлерді, жекеменшік сектордың жекелеген мамандарын, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын қазақстан республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар және лауазымдардың жеке кестесі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйе етеді.
12-қадам. Жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу.
13-қадам. Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру.
14-қадам. Барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау.
15-қадам. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.
Заңның үстемдігін қамтамасыз ету16-қадам. Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру. Бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) үш сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу.
17-қадам. Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту.міндетті түрдегі талап - сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді.
18-қадам. Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін сот төрелігі институты мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан бөлінуі керек. Аталмыш институт жоғарғы соттың жанында жұмыс істеп, қызмет бабындағы судьялардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ететін болады.
19-қадам. Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту. Судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау, соның негізінде азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің жоғарғы сотының жанынан құрылған арнайы сот алқасына шағымдана алатын болуы керек.
20-қадам. Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс.
21-қадам. Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту. Заңды түрде алқа билер соты міндетті түрде қатыстырылатын қылмыстық істердің категорияларын анықтау қажет.
22-қадам. Адамның және азаматтардың конституциялық құқын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету.
23-қадам. Инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру. Жоғарғы сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін инвестициялық алқаны ұйымдастыру.
24-қадам. Дубай тәжірибесі бойынша астана қаласында aifc халықаралық арбитраждық орталығын құру.
25-қадам. Шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін жоғарғы сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру. Кеңес қазақстандық сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша жоғарғы сотқа кеңес беріп отырады.
26-қадам. Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарғапрокурордың қатысуын қысқарту. Азаматтық іс жүргізу кодексіне тиісті өзгертулер енгізу.
27-қадам. Жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. Сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту.
28-қадам. Полиция қызметкерлерін іскерлік қабілеттері негізінде іріктеу жүйесін жақсарту кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудің арнайы жүйесін енгізу.
29-қадам. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу. Әрбір құқық қорғау қызметінің ведомстволық ерекшеліктеріне сәйкес бірыңғай қызмет ету ережесін енгізу.
30-қадам. Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру. Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі.
31-қадам. Этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердің іс-әрекеттеріне шағымданған азаматтардың арызын қарау жөніндегі қоғамдық кеңес жүйесін құру арқылы полицияның ашықтығын қамтамасыз ету. Қоғамдық кеңестердің мәртебесімен өкілеттілігі заңды түрде бекітілетін болады.
32-қадам. «қылмыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде «қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын құру. Бұл картада елімізде 1 аптадан әрі кетпейтін мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетін болады. Бұл қоғамға ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.
33-қадам. Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау.
34-қадам. Мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту шеңберінде пенитенциярлық инфрақұрылымды жаңғырту. Пенитенциярлық мекемелерді салуға, ұстауға және басқаруға жекеменшік секторды тарту жөнінде ұсыныстарды екшеу және халықаралық тәжірибені зерттеу.
Ііі. Индустрияландыру жəне экономикалық өсім
35-қадам. Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу.
36-қадам. Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру.
37-қадам. Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру. Тн сэқ 6 белгісіндегі біркелкі тауарлар тобы шеңберінде «0-5-12» моделі бойынша бірыңғай кеден тарифі кедендік мөлшерлемесін қысқарту.
38-қадам. Экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «бір терезе» қағидатын енгізу. Электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу). Экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту.
39-қадам. Кеден және салық жүйелерін интеграциялау. Тауар салық салу мақсатында қазақстан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады.
40-қадам. «постфактум» кедендік тазалау режімін енгізу. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жекелеген санаттарға тауарларын жария еткенше тауарларын шығаруға мүмкіндік беру.
41-қадам. Мүлікті және қаржыны заңдастыру ресімдерін оңайлату. Қолданыстағы заңға өзгертулер және толықтырулар енгізу.
42-қадам. 2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін кірісті және шығысты жалпы жариялауды кезең-кезеңмен енгізу.
43-қадам. Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру. Орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады. Тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады.
44-қадам. Жанама салық салу тетіктерін жетілдіру. Қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу.
45-қадам. Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы қолданыстағы салық режімін оңтайландыру.
46-қадам. Рұқсат алуды оңтайландыру. Құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы («30-20-10») қағидаты енгізіледі. Бірінші саты - архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екінші - эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау - 20 күнге дейін, үшінші - рұқсаттың өзі - 10 күн ішінде.
47-қадам. Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту. Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру.
48-қадам. Құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу. Құрылыста баға қалыптастырудың жаңа әдісін енгізу материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және еңбекақының қолданыстағы бағаға сәйкес нақты нарықтық бағасына байланысты құрылыстың сметалық құнын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңартуды қамтамасыз етеді.
49-қадам. Кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу. Жаңа нормативтерді қабылдау инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметі нарығындағы қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен бірге құрылыс саласындағы шетелдік қызмет нарығына қазақстандық компаниялардың шығуына мүмкіндік береді.
50-қадам. Электр энергетикасы саласын қайтадан құру, «бірыңғай сатып алушы» моделін енгізу. Бұл өңірлер арасындағы электр энергиясының әртүрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік береді.
51-қадам. Өңірлік энергетикалық компанияларды (өэк) ірілендіру. Бұл энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтады.
52-қадам. Электр энергетикасы секторында салаға инвестиция тартуды ынталандыратын жаңа тариф саясатын енгізу. Тариф құрылымын өзгерту. Тарифтерде 2 құрауыш ерекшеленеді: күрделі шығындарды қаржыландыру және электр энергиясы өндірісінің ауыспалы шығындарын жабу үшін пайдаланылатын электр энергиясы үшін төленетін ақы белгіленетін болады. Бұл «шығынды өтеу» әдісі бойынша тарифтерді бекітетін қазіргі ахуалды өзгертуге мүмкіндік береді.
53-қадам. Эыдұ стандарттарына сәйкестендіру мақсаттарында монополиямен қызмет жұмысының тұжырымдарын өзгерту. Қызметті жаңғырту еркін бәсекелесті дамытуға бағытталуға тиіс.
54-қадам. Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтын нығайту. Жаңа институттың құрамына бизнестің және ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
55-қадам. Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы және экспорт тауарлары үшін өңдеу өнеркәсібіне ең кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту. Халықаралық экономикалық нысандардың жаңа мүмкіндіктері туралы халықаралық бизнесті ақпараттандыру.
56-қадам. Экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» - халықаралық стратегиялық серіктестермен («эйр астана», «теңіз-шевройл», қтж локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша) бірлескен кәсіпорындарқұру. Шетелдерден жоғары білікті мамандар тарту үшін ақш, канада, австралия үлгісі бойынша қолайлы көші-қон режімін қалыптастыру.
57-қадам. Туристік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.
58-қадам. Жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту жөнінде бірыңғай оператор қалыптастыру үшін стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.
59-қадам. Мойындалған халықаралық энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тарту. Олардың негізгі міндеті: жеке шығындарын өтей отырып, энергия үнемдеу саласында кешенді қызмет көрсету үшін жекеменшік энергия сервистік компанияларды дамытуды ынталандыру және іс жүзінде энергетикалық шығындарды үнемдеуден қаржылай пайда табу.
60-қадам. Сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту. Негізгі міндет: үш жыл мерзімде тмд елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету. Жұмыс селода кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жаңазеландиялық fronterra және даниялық arla үлгісімен ұйымдастырылды.
61-қадам. Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық
Инвесторларды тарту. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау.
62-қадам. Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «ұлттық чемпиондар» белсенділігін жүзеге асыру. Бизнес-көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансфері үшін біліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін береді.
63-қадам. Ғылымды қажет ететін экономиканың негізі ретінде екі инновациялық кластерді дамыту. Назарбаев университетте «астана бизнес кампуста» ғылыми орталықтары мен зертханалар орналастырылады. Олар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ, оларды коммерцияландыруға қызмет етеді. Нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін инновациялық технологиялар паркі жергілікті және шетелдік жоғары технологиялы компанияларды тартатын болады.
64-қадам. Өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар «ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң әзірленеді. Ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттілігіне орай қайта бағытталады.
65-қадам. Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникациялық ағымдарға интеграциялау. «еуразиялық трансконтинен-талдық дәліз» мультимоделдік көлік дәлізін құру жөніндегі жобаны іске қосу. Ол азиядан еуропаға жүктер транзитін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көлік дәлізі: бірінші бағыт - қазақстан аумағы арқылы ресей федерациясына және одан әрі еуропаға өтеді. Екінші бағыт - қазақстан аумағы арқылы қорғастан ақтау портына дейін, одан әрі каспий теңізі мен әзербайжан, содан соң грузия арқылы. Жобаға болашақта 2014 жылдың аяғында құрылған азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін тарту.
66-қадам. Халықаралық авиациялық хаб құру. Стратегиялық инвесторды тарту арқылы алматы іргесінен әлемдік стандартқа сәйкес келетін халықаралық жаңа әуежай салынатын болады.
67-қадам. «эйр астана» әуе тасымалдаушы және «қтж» ұлттық компанияларын ірі халықаралық оператор ретінде дамыту. «эйр астана» халықаралық бағыттарға ыңғайластырылады және әлемнің негізгі қаржы орталықтарына (нью-йорк, токио, сингапур) жаңа бағыттар ашады. «эйр астананың» дамуы «қтж»-ның баламалы маршруттарды дамыту жөніндегі жоспарымен үйлестіріледі, бұл жүктерді жеткізу құнын екі еседен астам төмендетуге мүмкіндік береді.
68-қадам. Қазақстан арқылы әуе транзитінің тартымдылығын арттыру үшін әуе тасымалын мемлекеттік реттеу тиімділігін жақсарту. Азаматтық авиация комитетінің қызметі британ азаматтық авиациясы мемлекеттік агенттігінің және ео авиация қауіпсіздігі агенттігінің үлгілеріне бағдарланатын болады.
69-қадам. Астананы зерттеушілерді, студенттерді, кәсіпкерлерді, барлық өңірлерден туристерді тартатын еуразияның іскерлік, мәдени және ғылыми орталығына айналдыру. Мұнымен бірге қалада әуежайдың жаңа терминалын қоса алғанда, қазіргі замандық халықаралық көліктік-логистикалық жүйе құрылады.
70-қадам. Astana expo - 2017 инфрақұрылымдары арқауында арнаулы мәртебе бере отырып, астана халықаралық қаржы орталығын (аіғс) құру. Қаржы орталығының ерекше заңды мәртебесін конституцияда бекіту. Орталықтың тмд, сондай-ақ, батыс және орталық азияның барлық өңірлерінің елдері үшін қаржы хабы ретінде қалыптастыру. Өзіндік заңдылықтары бар тәуелсіз сот жүйесін құру, ол ағылшындық құқық қағидаттарымен қызмет істейтін болады. Судьялар корпусы шетелдік мамандардан құрылады. Болашақта қазақстанның қаржы хабы әлемнің 20 алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарының қатарына енуі тиіс.
71-қадам. Қаржы орталығының даму стратегиясын капитал нарықтарына қызмет көрсету және исламдық қаржыландыру мамандығына сәйкес әзірлеу. Элиталық қаржы қызметінің жаңа түрлерін, соның ішінде private banking активтерді басқару саласындағы қызметтерді дамыту. Орталыққа либералды салық режімін енгізу. Офшорлық қаржылық орталық құрылуы мүмкін. Дубайдың үлгісі бойынша инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу.
72-қадам. Қаржы орталығы аумағында ресми тіл ретінде ағылшын тілін енгізу. Орталықтың дербес заңдылықтары ағылшын тілінде жасалынуы және қолданылуы тиіс.
73-қадам. Қаржы орталығының халықаралық көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қаржы орталығының жетекші қаржы орталықтарымен жүйелі және жайлы әуе қатынасы жүйесін құру.
74-қадам. Пайдалы қазбалар қоры жөнінде есеп берудің crirsco халықаралық стандарттар жүйесін енгізуарқылы жер қойнауларын пайдалану саласының мөлдірлігі мен болжамдылығын арттыру.
75-қадам. Пайдалы қазбалардың барлық түрлері үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, келісімдер жасасудың оңтайландырылған әдісін енгізу.
76-қадам. Эыдұ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.
77-қадам. Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату.
78-қадам. Назарбаев университеті тәжірибесін ескере отырып, жоо-лардың академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту. Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік жоо-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау.
79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен жоо-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты -даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру.
80 -қадам. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (бмск) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады.
81-қадам. Жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу.бәсекелестік есебінен қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық әлеуметтік көмекті қаржыландыру - бәсеке есебінен медициналық ұйымдардың корпоративтік басқару қағидаттарына көшуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту.
82 -қадам. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссияны құру. Басты мақсат: медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау).
83-қадам. Еңбек қатынастарын ырықтандыру. Жаңа еңбек кодексін әзірлеу.
84-қадам. Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру. Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады.
Iv. Біртектілік пен бірлік
85-қадам. «мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу.
86-қадам. Қазақстан халқы ассамблеясының «үлкен ел - үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар қазақстан республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «астана - еуразия жүрегі», «алматы - қазақстанның еркін мәдени аймағы», «табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «алтай інжулері», «ұлы жібек жолын қайта жаңғырту», «каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.
87-қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудың «менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі - «қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интернет жобасын құру. Мұндағы басты мақсат - әрбір азаматқа және шетелдік туриске ел туралы көбірек білуге көмектесу. Порталға қазақстан бойынша 3d бейне турлары, елдің тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдің «сапарнама карточкасына», ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады.
88-қадам. Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму, индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып,жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеяларын ілгерілетуге, индустрияландырудың және «қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады.
89-қадам. «нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына мәңгілік ел құндылықтарын енгізу.
90-қадам. Бес институттық реформаны, сондай-ақ, бақ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық қамту және ілгерілету.
Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру91-қадам. Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшу. Тәртіптік бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі тиіс. Ресімдік сипаттағы барлық тапсырмалар мен аралық бақылау таратылатын болады. Мемлекеттік органдарға олардың алдына қойылған мақсаттық индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қызметінде дербестік беріледі.
92-қадам. Мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін құру. Жекелеген салалық бағдарламалардың мемлекеттік бағдарламаларға интеграциялануымен мемлекеттік бағдарламалар санын қысқарту. Салалық бағдарламалар,сондай-ақ, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары жойылады. Стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламасын негізгі мақсатты индикаторлар бөлігінде қайта пішіндеу.
93-қадам. Аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу. Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау үш жылда бір рет жүргізілетін болады. Мемлекеттік органдардың нәтижелілігін бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша жылма-жыл жүзеге асырылады. «мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң қабылдау. Есеп комитеті бірінші сыныпты әлемдік аудиторлық компаниялардың модельдері бойынша жұмыс істейтін болады және ағымдық операциялық бақылаудан кетеді.
94-қадам. «ашық үкіметті» енгізу. Ақпаратқа қолжетімділік туралы заңды әзірлеу, ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді.
95-қадам. Мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында стратегиялық жоспарлар және аумақтық даму бағдарламаларының маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізілгендігі туралы жыл сайынғы ашық баяндамалар жасауларын және олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу. Ұлттық жоо-лар басшыларының өз қызметтері туралы оқушылар, жұмыс берушілер, қоғам өкілдері мен бақ алдында жылма-жыл есеп берулерін тәжірибеге енгізу.
96-қадам. Орталық мемлекеттік органдардың статистикалық базалары мәліметтеріне онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету. Барлық бюджеттік және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитінің нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтің сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп жарияланатын болады.
97-қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі.
98-қадам. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады. Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді.
99-қадам. Мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері мен мәртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру.
100-қадам. Канададағы canada service және австралиядағы centrelink үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады. Мемлекеттік қызметті сапа менеджменті iso 9000 сериясына сәйкес халықаралық сертификаттау.
Іске асыру тетігі
Ел президенті жанынан жедел түрде құрамы отандық және шетелдік сарапшылардан тұратын, бес жұмыс тобынанжасақталған жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.
Ұлттық комиссия бес институттық реформаны кезең-кезеңімен орындауды келісілген басқару бойынша жүзеге асыруы тиіс. Ол мемлекеттік органдардың, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамның өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Ұлттық комиссия тұжырымдамалық шешімдер қабылдап, іс-қимылдың нақты жоспарын айқындауы тиіс. Оның ұсыныстары ел президенті тарапынан бекітілетін болады. Бекітілген шешімдерді орындау үшін жедел түрде парламент тарапынан заңдар, үкімет тарапынан қаулылар қабылданатын болады.
Министрлер мен әкімдердің шешуші бастамаларын тиімді жүзеге асырулары ұлттық комиссия тарапынан қатаң қадағаланатын болады.
Ұлттық комиссия жанынан беделді шетелдік сарапшылар қатарынан халықаралық консультативтік кеңесжасақтау қажет. Аталған кеңес ұсынымдар жасап, реформаларды орындау нәтижелерінің тәуелсіз жүйелі мониторингін жүзеге асыратын болады.
Ұлттық комиссияның жұмыс органы етіп қазақстан республикасы премьер-министрінің кеңсесін айқындау қажет.
Еске сала кетейік, қазақстан президенті нұрсұлтан назарбаев астана қаласында 2015 жылғы 6 мамырда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп берген болатын.
Сондай-ақ, елбасы н.ә.назарбаевтың қазақстан республикасының президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде былай деген болатын.
Қымбатты отандастар!
26 сәуір еліміз үшін тағы бір тарихи, тағдырлы күн болды. Президент сайлауы қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті. Ел бірлігіне беріктігі мен кемел келешекке сенімін танытты. Мәңгілік елдің мызғымас ұстындарына адалдығын көрсетті. Бұл таңдау – жарқын болашаққа қадам басқан қазақстанның таңдауы! Бірлігін берекеге ұластырып, ұлы істер жолында ұйысқан барша халықтың жолы! Өзінің, ұрпағының болашағын қасиетті отанымыз – қазақстанмен бірге көретін әрбір азаматтың ерік-жігері!
Бүгінгі мерейлі сәтте маған берілген сенім мандаты – мемлекеттілігімізді нығайту жолындағы қыруар істеріміздің бағасы! Қазақстанды ең қуатты елдердің қатарына қосуды көздейтін ұлы мақсатқа берілген халқымның ақ батасы! «мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен «қазақстан 2050» стратегиясына, «нұрлы жол» бағдарламасы мен «бес халықтық реформаға» елімнің білдірген қолдауы.
Өмірін халқының бақыты жолына арнаған жанға бұдан зор құрмет болмайды. Мен үшін ел сенімінен асқан мәртебе жоқ, сол сенімді ақтаудан артық бақыт жоқ. Сол себепті, мен қазақстанның жарқын болашағы жолында қандай тәуекелге де дайынмын.
Құрметті қазақстандықтар!
Қымбатты достар!
Серіктестерім мен тілектестерім!
Ел конституциясына сәйкес жаңа ғана мен өзімнің халқыма ант бердім! Ондағы сөзді мен бүгін алғаш рет ең ізгі де жарқын мереке – халық бірлігі күні қарсаңында айттым. Болып өткен президенттік сайлау біздің қоғам бірлігінің күшін нақты айғақтап берді. Мен біздің барша халқымызға ризамын!
Біз бүкіл әлемге халықтың бірлік күші мен берік топтасқандығын көрсеттік. Болып өткен сайлау тарихқа электораттық қатысу жөнінен халық ең көп қатысқан сайлау ретінде кіретін болады. Қазақстандықтар отанға қызмет етуге шақырып, тағы бір мәрте маған үлкен сенім көрсетті. Біз бірге күрделі жолдан өттік: өзімізге сендік, тәуелсіздік алдық, мемлекет құрдық, әлемге жаңа қазақстанды таныттық, өзімізді біртұтас және ұлы ұлт ретінде таптық. Сіздердің сенімдеріңіз мені қашанда рухтандырып, сенімділік пен күш берді. Қазір мен, бұған дейінгі жылдардағыдай, барлық жауапкершілікпен халыққа адал қызмет ететінімді, еліміз бен барлық азаматтарымыздың игілігін сақтайтынымды, біздің жоғары жалпыұлттық мүдделерімізді қорғайтынымды айтқым келеді.
2015 жылдың 26 сәуіріндегі сайлау қазақстан халқының топтасқандығын, жұдырықтай жұмылғандығын, болашаққа бағыт ұстанғандығын қуаттап берді. Біз – бір отбасымыз және біздің бір ғана отанымыз бар. Әрқайсымыздың тағдырымыз – қазақстан тағдырында. Біз бей-берекеттіктен берекелі өркендеу жолына бірге өттік. Біз эксцессіз және катаклизмдерсіз күрделі «үшжақты транзиттен»: кеңестік жүйеден нарықтық экономикаға, демократия мен жаңа этносаралық келісімге өте алдық. «қазақстан-2030» алғашқы ұзақ мерзімді стратегиясын қабылдап, біз орнықты даму жолына нық түстік. Еліміз 1997-98 жылдардағы «азия дағдарысын» еңсерді. Сын-қатерлерге қарамастан, біз жаңа елордамыз – астананы, барлық қазақстандықтардың мақтанышын салуды бастадық.
Біздің мемлекеттік құрылысымыздың әлеуеттілігі 2007-2009 жылдардағы жаһандық экономикалық дағдарыстың сын-қатерлерін табысты еңсеруімен дәлелденді. Басқа мемлекеттерден ерекшелігі қазақстан экономикалық өсімін сақтады және азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін төмендеткен жоқ. 2012 жылға қарай қазақстан әлемдегі бәсекеге аса қабілетті экономиканың елулігі қатарына енді. Біз халықтың табыс деңгейі орташа ел болдық. Біз әлемдегі 50 аса ірі экономиканың қатарына қосылдық. «қазақстан-2030» стратегиясы діттеген жеріне жетті. Мен 1997 жылы алға қойған басты міндеттер бар-жоғы 15 жылдың ішінде орындалды.
Мен біздің мемлекеттілігіміздің қадір-қасиеті туралы нақты көзге елестетуге мүмкіндік беретін маңызды асуларды атадым. Қазір мұның барлығы аға ұрпақтың жақсы есінде. Бірақ жас ұрпақ еліміздің бүгінгі игілігінің бағасын білуі және есінде сақтауы тиіс. Халқымыз мінезінің ең үздік сипаттары – сындарлылық, салмақтылық, прагматизм дәл сол қиын жылдары көрінді. Осы құндылықтарға адалдық біздің мәңгілік ел – ғасырларға ұласатын күшті де тиімді мемлекет құру туралы арманымызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2050 стратегиясы ұлт алдына жаңа кеудешіл міндет: әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу міндетін қойып отыр. Екінші онжылдықтың басындағы әлемдегі жағдай біздің жедел дамуымызға ықпал етті. Бірақ бүгін жаһандық әлем онша оңтайлы емес сценарий бойынша дами бастады. Дағдарыстар мен жанжалдар дүниенің төрт бұрышын біздің көз алдымызда тітіркендіріп отыр. Азаматтары қайыршылықта өмір сүріп немесе әскери жанжалдарда қаза тауып жатқан жолы болмаған мемлекеттер саны ұлғая түсуде. Тұрақсыздық орталық азияның шекараларына да тым жақын келіп тұр.
Соңғы 2-3 жылда, жаһандық проблемалардың өсе түскенін көре отырып, мен қазақстанымызды қалай нығайту мен қауіпсіздендіру және аса табысты 30 елдің қатарына ену жолынан адастырмау туралы ойладым. Мен жағдайды басқа мемлекеттердің көшбасшыларымен талқыладым. Барлық жауапкершілікпен ұлтқа мына жайды ескерткім келеді. Біздің әрі қарайғы дамуымызға әлі 5 жаңа сыртқы сын-қатерлер қауіп төндіруін жалғастыруда.
Бірінші. Бұл – әлемдік тәртіптің дағдарысы мен ортақ белгісіздіктің өрістей түсуі. Қауіпсіздіктің әлемдік жүйесінің беріктігі жаңа сипаттағы жанжалдармен сыналуда. Әлемдік аренада экстремизм мен зорлық-зомбылықты пайдаланатын жаңа жүйесіз ойыншылар пайда болуда.
Екінші сын-қатер – әлемдегі экономиканың турбуленттілігі жалғасуда. Санкциялық, «валюталық» және сауда соғысы барлық елдерде проблемаларды ушықтыра түсуде.
Үшінші. Климаттың өзгеру үдерістері бүгін болжап болмайтын салдарлармен өтіп жатыр, түрлі катаклизмдерге жетелеуде.
Төртінші. Орталық азия әлемдік опырылудың жаңа желілеріне ілігуі ықтимал, бұл да бүкіл өңір үшін сын-қатерге айналмақ.
Бесінші сын-қатер – жаһандық тәртіптегі дағдарыс пен әлемдік экономиканың тұрақсыздығы осы сын-қатерлермен күрес жөніндегі халықаралық үйлестіру жұмыстарына күмәнмен қарауға мәжбүрлейді.
Әлемдік экономиканың турбуленттілігіне жауап ретінде біз «нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын дайындадық. Оның басты мақсаты жаңа жұмыс орындарын құру мен жаңа экономикалық өсім үшін іргетасты нығайтуда батыл да жедел іс-қимыл таныту болып табылады. Алайда, сыртқы қатерлер өсе түсіп отырғанын түсіну маңызды. Сыртқы қатерлермен күресте шамамыз жету үшін бізге ішкі жағымызды нығайту қажет. Осы жылдары қол жеткізілген таңқалдырарлық табыстарымыз бен игіліктеріміз мызғымайды деп есептеу үлкен қателік.
Мен ел алдындағы тұрған бес ауқымды ішкі міндеттерді көріп тұрмын.
Біріншіден, бізге тұрақтылығымыздың тірегі ретіндегі орта таптың үлесін ұлғайтып, бизнесті дамыту және елге орта табысы бар тұрғындарының саны басым мемлекет болуға көмектесу керек. Екіншіден, біз – ұланғайыр елміз. Сондықтан бізге біртұтас ішкі нарықты дамыту және бүкіл өңірді теңдестіріп дамыту керек. Үшіншіден, жемқорлықпен күрес біздің жұмысымыздың басты басымдықтарының бірі болып табылады. Төртіншіден, жаңа жұмыс орындарын құру, ол үшін индустриялық бағдарлама жүзеге асырылып, бизнес дамытылуда. Бесіншіден, тарихтың жаңа белесінде ұлттың бірлігін нығайту. Осының барлығы біздің мемлекеттілігіміздің ххі ғасырдағы сын-қатерлері.
Әлемдік өзгерістер уақыты әр мемлекетті таңдау алдына қояды: реформалар немесе құлдырау. Өзгерістер кезеңінен өзін өзі жаңартуға, яғни реформаларға қабілеттілер лайықты өте алады. Біздің алдымызда орасан зор қағидатты міндет тұр: біздің мемлекеттік кемемізді суға батпайтын ету. Алдағы жылдарға міндет: қазақстанды нығайту және, тіпті, әлемдік дауылдарға қарамастан, әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына сенімді түрде ену.
Мен өзімнің сайлауалды тұғырнамам болған 5 институттық реформаны ұсындым. 26 сәуір күнгі дауыс беру қорытындысын мен халықтың жедел түрде реформалар жүргізуге деген тікелей мандаты ретінде қабылдаймын. Мен реформаларды жүзеге асыру үшін өзімнің барлық ерік-жігерімді, шешімділігімді көрсетіп, мемлекеттік аппаратты қоғамның күш-жігерін реформаларды орындауға жұмылдыру ниетіндемін. Аса таяу уақытта ел президенті жанынан жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылатын болады. Оның миссиясы – 5 реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыруды басқару және мемлекеттік органдардың, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамның іс-қимылын үлестіру.
Ұлттық комиссия жанында құрамында беделді шетелдік және қазақстандық сарапшылар бар халықаралық консультативтік кеңес жұмыс істейтін болады. Бұл ең үздік халықаралық тәжірибені пайдалануға жағдай жасайды. Комиссияның бірінші отырысында мен бес реформа бойынша біздің не істегелі жатқанымызды түсіндіретін «мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты ұлт жоспарын ұсынамын. «100 қадам» – бұл біздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Реформаларды жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылға бірінші кезекті жалпыұлттық міндет.
Мен реформалар жоспарын ұлт жоспары деп атадым, өйткені, реформалар қазақстанның әрбір азаматының тікелей қатысуын талап етеді. Реформалар – тек мемлекеттік машинаның ғана емес, халықтың ісі. Реформалардың мәні – ұлтты жаңғыртуда. Ұлттың сапасы, халық рухының күші, уақыт сын-қатерлерін қабылдай білу және тек қана алға басу бұрын да мемлекет табысының айқындаушы факторы болған және бола береді.
Мен реформаларды жүзеге асырудың қатаң бірізді болуын қалаймын.
Бірінші. Алда тұрған мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау, онда қызметшілер азаматтар құқықтарын құрметтеп және олардың заңды мүдделеріне қызмет ететіндей мөлдір де тиімді модельді қалыптастырады. Мемлекеттік қызмет меритократия қағидаты негізінде барлық азаматтарға өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін бірдей мүмкіндіктер берілетін әділ қазақстандық қоғамның түпбейнесіне айналады.
Екінші. Реформа сот жүйесін жеке мүдде қуушылықтан ада етеді. Әділ сот төрелігі инвесторлар мен бизнес үшін қолжетімді болмақ. Жекеменшік құқығы мызғымайтын болады. Инвестициялық сот және халықаралық төрелік сот орталығы үздік халықаралық тәжірибенің үлгісі бойынша елдегі бизнес ахуалды әлемдегі ең тартымдылардың бірі етуі тиіс.
Үшінші. Әлемде «қазақстандық экономикалық ғажайып» термині қазірдің өзінде пайда болды. Шынымен де, біз қысқа мерзімде өте көп жұмыс атқардық. Бүгінде қазақстан – орталық азиядағы экономикалық көшбасшы. Бірақ тоқтауға болмайды. Реформалар ұлттық экономиканы білімге негізделген озық экономикаға айналдырады. Шешуші міндет – қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын жақсарту. Бұл кең көлемде орта тапты құру үшін қағидатты түрде маңызды. Индустрияландыруға негізделген экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін біз түбегейлі құрылымдық реформаларды жүзеге асырамыз. Білім беру мен денсаулық сақтау экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің стандарттарына бағдар ұстанатын болады. Экономиканы әртараптандыру үшін біз өңдеу өнеркәсібіне трансұлттық компанияларды тартатын боламыз, ол қазақстанның әлемдік нарыққа шығуын қамтамасыз етеді. Біздің еліміз еуразияның көліктік және логистикалық орталығына айналмақ. «экспо-2017»-нің жоғары технологиялы инфрақұрылымдары арқауында ерекше мәртебемен «астана» қаржы орталығы құрылатын болады.
Төртінші. Біздің қоғамымыздың көптүрлілігі – біздің әлсіздігіміз емес, күшіміз. Барлық азаматтар құқықтың бірдей көлемін пайдаланып, жауапкершіліктің бірдей жүгін арқалап және түрлі мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізуі тиіс. Біздің қоғамымыз неғұрлым қуатты және біртұтас бола отырып, тарихи тұрғыда көптеген тілдерден және мәдениеттерден қалыптасты. Бүгінде бізді мәңгілік ел құндылықтары: азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық культі, толеранттылық, шын берілгендік пен патриотизм біріктіреді. «егер алдағы бір жылды ойласаңдар – астық өсіріңдер; егер алдағы жүз жылды ойласаңдар – ағаш өсіріңдер; егер мәңгілікті ойласаңдар – адамды тәрбиелеңдер» деген біздің ата-бабаларымыз. Мәңгілік ел құндылықтары біздің бақуатты болашағымызға бағдарлама болады. Сондықтан біз елдің бірлігі мен топтасқандығы үшін одан әрі де өзіміздің ортақ азаматтық біртектілігімізді нығайтуымыз керек.
Бесінші. Реформа мемлекеттік аппараттың жұмысын мөлдір және азаматтарға есеп беретіндей етеді. Мемлекет жинақы болуы тиіс және өкілеттіктердің көбін мемлекеттік секторға беру қажет. Мен ұлтқа ұсынып отырған реформалар жоспары, біріншіден, беймаза әлемде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, екіншіден, инклюзивті, бәрін қамтитын жаңғыртулар жүргізуге жағдай жасайды.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары біз егемен мемлекеттің негізін қаладық. Бұл біздің мемлекеттік құрылыстың бірінші сатысы болатын. Одан кейін нығайып алған соң, біз қалыптасқан мемлекетке қарай қадам жасадық. Бұл екінші саты болатын. Енді ұлы реформаларды бастай отырып, біз мәңгілік елге жол саламыз. Бұл біздің мемлекеттік құрылыстың үшінші сатысы болмақ.
Құрметті қазақстандықтар!
Ұлт жоспарын табысты орындау қолайлы халықаралық ахуалды қажет етеді. Біз өзіміздің стратегиялық әріптестеріміз – ресеймен, қытай халық республикасымен, ақш-пен, еуропалық одақ елдерімен, ислам әлемімен ынтымақтастықты жалғастырамыз. Біз халықаралық ұйымдарда белсенді жұмыс істейтін боламыз. Орталық азиядағы көшбасшы ретінде қазақстан біздің өңіріміздегі қауіпсіздік пен экономикалық дамудың ортақ архитектурасына қолдау көрсетеді. Біздің еуразиялық экономикалық одақ бойынша өзіміздің ең жақын әріптестеріміз – ресеймен, беларусьпен, қырғызстанмен және армениямен қатынастарымыз айрықша болмақ. Қазақстандық дипломатия ислам әлеміндегі және посткеңестік кеңістіктегі өткір өңірлік дау-жанжалдарды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі күш-жігерін ұлғайта түсетін болады.
Құрметті отандастар!
Қымбатты достар!
Бүгінде біздің алдымызда жаңа сын-қатерлер туындап отыр. Біздің жауабымыз – мемлекетті нығайту және ұлтты жаңғырту. «асу бермес асқар жоқ» дейді қазақ даналығы. Қазақстандық жол біздің ұлтымызды бір мақсат пен ортақ арманға топтастырды. Сайлау әрбір қазақстандықтың өз алдындағы және ел алдындағы өз борышын түсінетінін көрсетіп берді. Менің реформалардың табыстылығына, менің халқым мен мемлекеттің табыстылығына деген сенімімнің қайнар көзі де осында. Мен ұлтқа өзім мәлім еткен реформаларға барынша кең түрде атсалысу жөнінде үндеу тастаймын. «республика» сөзі латыннан сөзбе-сөз «ортақ іс» деп аударылады. Қазақстанды жаңғырту – біздің ортақ ісіміз де осы. Алда қандай сынақтар тұрмаса да, біз мемлекетіміздің қуаты мен халық даналығына арқа сүйей отырып, оларды еңсеретін боламыз.
Осынау салтанатты сәтте ақтаудағы №7 мектеп-лицейдің бесінші сынып оқушысы карина данилованың конкурстық шығармасынан менің жан дүниемнің ең бір тереңіне қозғау салған сөзді келтіргім келеді: «менің чешенстандағы мен тәжікстандағыдай соғыс болмайтын, әркезде де қолайлы және бейбіт елде өмір сүргім келеді, ұлы отан соғысының ардагері болып табылатын менің ұлы атам мен ұлы әжем ол елден кетуге мәжбүр болды. Аспанымыз бейбіт болсын – міне, әрқайсымыз үшін де ең бастысы осы», деп жазады ол.
Біз есейген ұлтпыз, жаңа дәуірге батыл қадам жасаудамыз. Біздің мәңгілік қазақстан жері ізгілікті болсын! Біздің біртұтас ұлтымыз қуатты болсын!
Қымбатты отандастар!
менің халқым – ұланғайыр жері бар, ұлы мұратты елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар халық. Мыңжылдық тарихындағы ең бірегей бетбұрысында халқымның зор сенімін арқалағаным – мен үшін ең биік мәртебе. Кейінгі ұрпаққа кемел қазақстанды табыстау – баршамызға ортақ парыз. Жаңа ғасырдың сын-қатерлеріне төтеп беріп, дамыған елдердің қатарына қосылу – ортақ жауапкершілік. Біз ұрпаққа көркейген елді, нығайған бірлікті, мызғымас тұрақтылық пен еселенген байлықты мирас етеміз.
Бүгін қазақстан тарихының жаңа беті ашылды. Біз дамудың даңғылына тың қарқынмен аяқ басамыз. «бес халықтық реформаны» табысты жүзеге асырып, болашағы біртұтас елге айналамыз. Ххі ғасыр – бірлік пен достықтың қуатымен озатын ғасыр. Біз бейбітшілік пен келісімге, татулық пен тұрақтылыққа тәу етіп, тәубе дейміз. Осы құндылықтарымыздың қадіріне жету арқылы мәңгілік ел боламыз. Сол жолда талмай еңбек етейік, қадірлі халқым!
Қазақстанның жұлдызы жоғары, жолы нұрлы болсын! Елдіктің туы биікте желбіреп, абыройымыз асқақтай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!