$ 498.34  519.72  4.85

АҚШ пен Талибан Рамазан айының басталуына байланысты Катарда өтіп жатқан келіссөздерін тоқтатты

АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы өкілі Залмай Халилзад бастаған америкалық делегация мен Талибан қозғалысының өкілдері Рамазан айының келуіне байланысты бір күнге келіссөздерін тоқтатты, деп хабарлайды РИА Новости.

«Бүгін Рамазан айының алғашқы күні болғандықтан, келіссөздер кейінге шегерілді», - деп хабарлады агенттіктің ақпарат көзі.

Бұдан бұрын Катардың Сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Талибан арасындағы келіссөздер 1 мамырда Дохада қайтадан жаңғыртылатыны жайлы мәлім еткен. Аталмыш келіссөздерде негізгі 4 мәселе қаралады. Олар, Ауғанстаннан АҚШ әскерінің шығарылуы, елдің аумағын басқа мемлекеттерге қарсы қолдануға жол бермеу, зорлық-зомбылықты азайту және ауғанаралық диалогты шақыру. 

Сонымен қатар, Талибан қозғалысының өкілі Мохаммед Сухайл Шахин өзінің Twitter-парақшасында америкалықтармен келіссөздердің негізгі шарты – Ауғанстаннан АҚШ әскерлерін шығару және сол аймақты кез-келген елге қарсы пайдалануға тыйым салу екенін жазды.

 

Дереккөз news.day.az

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары