$ 494.87  520.65  4.91

Пётр Порошенко Владимир Зеленскийді сынға алды

Украинаның президенті Петр Порошенко өзінің ізбасары Владимир Зеленцкийді паспорттарды ресейліктерге тарату туралы ұсынысын сынға алды, деп хабарлайды rambler.ru сайты.

«Біз ешқашан Ресейге қайта оралмаймыз және кімде-кім Ресейдің азаматтарына Украинадан азаматтықты алып беретін болса, біз оны қолдамаймыз», –  деді Порошенко Львовтағы Украина католик университетінде сөйлеген сөзінде.

Алайда, 2018 жылы ол 126 Ресей азаматына украиналық паспортды таратып бергенін естен шығармау керек. Дербес деректер және оларды қорғау туралы Украинаның заңнамасына сәйкес, аталған азаматтардың есімдері бүгінге дейін жарияланбады.

Сонымен қатар, 2017 жылы Порошенко 55 Ресей азаматына құжаттарын рәсімдеуді мақұлдаған.

Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызда Украинада президенттік сайлау өтті. Алғашқы турда бірде-бір кандидат 50%-дан жоғары дауыс жинай алмай, ең көп дауыс жинаған екі кандидат екінші турға өтті. 

Ал, 21 наурызда өткен сайлаудың екінші турында Владимир Зеленцкий халықтың 73% дауысына ие болып, президенттік сайлауда жеңіске жетті. Украинаның заңына сәйкес жаңа президентті 1 мамырдан кешіктірмей көпшілікке жария етуі керек. Ал, жаңа президенттің инаугурациясы маусымның 3-не дейін өтуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары