$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ-тағы Қазақстан Елшісі президенттік сайлауға қатысты брифинг өткізді

Ивнинг стар баспасының тарихи ғимаратында АҚШ ақпарат құралдары мен іскер қауымына арналған Қазақстан Елшісінің баспасөз маслихаты өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Кездесуде 9 маусымда елімізде өтетін президенттік сайлау жайында ой өрбіді. Ержан Қазыхановтың мәлімдеуінше, Қазақстан өзіне алған халықаралық міндеттемеден ауытқымайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жасаған үндеуінде сайлау адал және ашық өтетінін мәлімдеген. Халықаралық байқаушылар мен шетел ақпарат құралдары өкілдерінің сайлауға қатысуы мен хабар таратуына ерекше көңіл бөлінді. Кездесуге қатысушылар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың заманауи Қазақстан мемлекетін қалыптастыру мен дамытудағы, сондай-ақ АҚШ-пен қатынастарды нығауйтуға қосқан зор үлесіне жоғары баға берді.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#АҚШ #сайлау